Ақылды әйел ме әлде қалай...
Ақылды жар таңдау керек деп жатамыз. Не үшін?
Ақымақтан ақылды тумайды. Ертеде Жахыз деген түрі ұсқынсыз ғалым: "Мен ақымақ болса да сұлу әйел тапсам болды. Балаларым маған ұқсаған ақылды. Ал, сұлулықты, көрікті аналарынан алады, - деп үйленсе керісінше болыпты. Балалары өзіне ұқсап ұсқынсыз, аналарына тартып кілең ақымақтар дүниеге келіпті дейді. Бұл араб әзілі.
Ақиқатқа келер болсақ: Ертеде Аюбилар отбасында (شجرة الدر) Шажаратут-Дур деген өте ақылды келін болыпты...
Аюбилар отбасы дегендер кім десеңіз? Құдысты кіресшілерден азат еткен Салахуддин әл-Аюбидың отбасы.
Шамамен бір ғасыр өткенде Мысыр елінің басшысы Нажмуддин әл-Аюб сол кірест көтеріп, мұсылмандардың елін талқандауға келген кіресшілермен шайқаста сырқаттанып дүниеден өтеді. Ақылды әйелі Шажарратут-Дурр ерінің дүниеден өткенін соғыс біткенше ешкімге айтпауға бекініп, данышпандық танытады.
Себебі, Сұлтанның дүниеден өтуі әскерге рухани күйзеліс берсе, әскер бастаған үлкен төрт қолбасшысы соғыс майданын тастап таққа таласпасқа не кепіл. Осылайша, сұлтанға келгендерге “ол төсек тартып жатыр, ешкіммен сөйлесуге дәрмені жоқ”- деп қайтарып жіберіп отырады. Әскери айла-тәсілдер ойлап тауып, әскер басшыларына сұлтанның мөрімен бұйрықтар жібертіп, жеңіске жетеді.
Міне не үшін ақылды жар таңдау керек.
adil.islam.kz