Ақиқат керек пе, әлде бақыт па?

Отбасын құрған адам ретінде осы екі таңдаудың арасында қалып қойсаңыз қайсысын таңдар едіңіз? Екеуі қатар жүрсе нендей керемет! Алайда көбінесе екеуі қатар бұйыра бермейді.

Алла Тағала Құран Кәрімде адамзат баласына қарата былай дейді:

«Һәм (Алланың) белгілерінің бірі – байыз табуларыңүшін сендерге өздеріңнен жұбайлар жаратуы һәм араларыңда сүйіспеншілік пен мейірім жасауы. Шын мәнінде, осында ойланатын қауым үшін белгілер бар!».

Аятта қатысты бірнеше тәпсір жасалған. Имам Судди аяттағы «сүйіспеншілік» деген сөзге «махаббат», ал «мейірім» деген сөзге «қайырымды көңіл, мейірлі пейіл»деген мағына берген . Сахаба Абдулла ибн Аббас осы мағынаға жақын тәпсір риуаят етілген. Мазмұны мынадай: «Аяттағы «махаббат» сөзі ер кісінің әйелін жақсы көруі, ал «мейірім» ер кісінің әйеліне қандай да бір жамандықтың келмеуін қалап мейірімділік көрсетуі дегенді білдіреді» .

Мән беріп қарасаңыз аятта да, аятқа жасалған түсініктемеде де «сүйіспеншілік» пен «мейірімге» баса назар аударылған. Демек отбасы тіршілігі сүйіспеншілік пен мейірімге негізделуі қажет. Аятта ақиқат және әділет жайында ештеме айтылмаған. Отбасы, ошақ қасы ақиқат немесе әділеттілік іздейтін алаң емес. Үй ішінде жасалған бір істің немесе айтылған сөздің ақиқатқа жататындығы немесе жатпайтындығы өз алдына бөлек бір мәселе. Тіпті ақиқат болып саналған күннің өзінде кім үшін ақиқат болып табылады? Бұл түсінік кісіге қарай, кісінің мәдениетіне қарай өзгеріп отыратұғын дүние. Сондай-ақ еркек болсын, әйел болсын ақиқатқа өз терезесінен қарайды.

Үй ішінде әртүрлі жағдайлар болып тұрады. Мәселен:

«Күйеуіңіз жұмыстан шаршап үйге келді. Болмашы нәрсеге шу көтеріп айқайлады. Сіздің ешбір кінәңіз жоқ. Сізге қайтпек керек? Одан қалмай айқай салу керек пе?».

«Зайыбыңызға пәленше сағатта дайын бол! Қонаққа барамыз. Келіп алып кетемін дедіңіз. Алайда үйден дер уақытында шықпаса қайтпексіз? Бақырасыз ба? Әлде сабырлық танытасыз ба?».

Тізбектеп айта берсеңіз мұның мысалы көп. Бұл келтірілген жағдайлардан ауыр жағдайлар болуы әбден мүмкін. Бірақ мұндай қиын сәттерде екі тарап «ақиқатты, әділетті» немесе «менікі дұрыс» дегенді ойламай отбасы бақытын ойлауы қажет. Аятта айтылған мейірім мен сүйіспеншілікті негізге алып қарекет жасау керек. Сонда ғана отбасы шырқы бұзылмайды.
Аса сыйлы ағамыздың аузынан мынадай керемет бір сөз естіген едім:

«Әуелі ақиқат жүреді. Бірақ әркімнің ақиқаты әртүрлі болғандықтан бұған «әділет» деген төреші керек. Әділет ақиқатқа жақын тарапты қолдайды. Екінші тарапты кесіп жібереді. Серті сондай. Екі тараптың бірін дұрыс көріп, екінші тараптың ісін бұрыс көретін әділеттен биік ұғым бар. Ол – мейірім. Мейірім ақиқат іздеп, сөзге келген екі тараптың арасына түсіп бітімгершілік жүргізеді. Дауласқан екі тарапты татуластырып жүрген мейірімнің қайнар бұлағы болады. Ол – сүйіспеншілік. Сүйіспеншілік мейірімнен жоғары тұрады. Сүйіспеншілік болса ғана отбасыда да, қоғамда да тыныштық орнайды».

Бауыржан Алиұлы
mazhab.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста