Алматы қаласындағы діни сауатсыздықтың алдын алуға бағытталған жұмыстардың маңызы

Дін саласы қай уақытта болмасын өзекті мәселелер мен күрделі қайшылықтарға толы болып келеді. Діндегі адасушылық бүгінде көптеген мемлекеттердің осал тұсына айналатын болған. Адасудың алдын алу үшін қазірде еліміз әр-түрлі күресу шараларын қолға алып жатыр. Соның бірі және бірегейі деп Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының «Мониторинг және талдау орталығы» КМК бүгінгі таңдағы атқарып жатқан жұмыстарын сөзге тиек етіп кеткеніміз жөн болар. Аталмыш мекеме әр түрлі салаларда жұмыс жасайды, соның ішінде діни мәселелермен айналысатын бөлімі, бүгінде үздік жетістіктерге қол жеткізіп отыр.
Мониторинг және талдау орталығы ең алғаш Алматы қаласының Дін істер жөніндегі басқармасына қарасты «Сараптау және талдау орталығы» болып 2014 жылы негізі қаланған болатын, 2015 жылдан бастап жүйелі түрде жұмыс жасайды. Бастапқыда мекеменің басшылық қызметін Марина Сергеевна жүргізген, 2015 жылдың тамыз айынан Бишманов К.М. жаңа басшы болып тағайындалады, ұзақ уақыт өтпей 2016 жылдың қыркүйек айында Турабаев Б.Б. басшылық қызметіне ауысады. 2018 жылдың қаңтар айынан өзгертулер енгізіліп, Алматы қаласының Дін істер жөніндегі басқармасынан Ішкі саясат басқармасына жаңа атаумен ауысты, яғни мекеменің ендігі атауы «Мониторинг және талдау орталығы» болып өзгертілді. Мекемеде жалпы 6 бөлім бар, оның ішінде діни мәселелер бойынша екі бөлімі жұмыс жасайды.Олар «Діни бірлестіктермен жұмыс істеу бөлімі» және «Түсіндіру және алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі»
Жалпы мекеменің жұмыс жасау бағыттарын көрсетер болсақ,
Кәсіпорын құрылымында директордың бірінші орынбасары, есеп және жоспарлау бөлімінің консультанты, кадрлық-құқықтық қамтамасыз ету бөлімі, бұқаралық ақпарат құралдарын бақылау бөлімі, экономикалық талдау бөлімі, социологиялық зерттеулер бөлімі, ақпараттық-талдау бөлімінен тұрады. Діни бірлестіктермен жұмыс жасау ұйымдастыру, түсіндіру және алдын алу жұмыстарымен айналысатын бөлім

Діни бірлестіктермен жұмыс істеу бөлімі бүгінде 168 діни орталықпен жұмыс жасайды. Олардың қатарына Алматы қаласында орналасқан барлық діни орталықтар кіреді. Яғни мешіттер, православтық, католиктік, протестанттық бағыттағы шіркеулер, буддистік храмдар, иудаистік және т.б.діни орындар.
Бөлімнің мақсаты:
1) діни жағдайларға бақылау және талдау жасау;
2) діни мәселелер бойынша кеңес беру;
3) діни негізі бар проблемалық мәселелер мен қақтығыстардың алдын алу және оларға жауап беру бойынша ұсыныстар мен ұсыныстарды әзірлеу;
4) діни салада мемлекеттік саясатты іске асыру.

Бөлімнің міндеті:
1) діни саладағы үрдістерді анықтау және қалада қалыптасқан діни ахуалды талдау үшін жүйелі мониторинг жасау;
2) діни саладағы бұзушылықтарды анықтауға мониторинг жүргізу;
3) діни ахуалды бақылау және зерттеу нәтижесінде алынған ақпаратты талдау;
4) Қоғамдық және діни бірлестіктер мен жеке тұлғалардың экстремистік әрекеттеріне жол бермеуге бағытталған ұсынымдар мен ақпараттық куәліктер мен талдамалық есептер дайындау, осындай әрекеттердің себептері мен жағдайларын анықтау және жою;
5) дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру үшін мемлекеттік органдармен, діни бірлестіктермен, азаматтық қоғам институттарымен және сарапшылар қауымдастығымен өзара әрекеттесу;
6) мемелекеттік қызметкерлердің, мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлерін, дін өкілдерінің тәжірибесін, дағдыларын арттыруға, діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұруға бағытталған түрлі іс-шаралар ұйымдастыруға қатысу;
7) орталықтың ресми сайтында немесе орындалған жұмыстың нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау және жаңарту;
8) діни жағдайда және өзара әрекеттестікті бақылау бөлімінің құзыретіне тікелей қатысы бар кәсіпорын басшылығынан басқа нұсқауларды орындау.
Бөлімге жүктелген міндеттерді орындау барысында келесі функцияларды атқарады:
1)қаланың діни қауымдастықтарына ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
2) діни әдебиеттер мен атрибуттарды заңсыз сату орындарын анықтау үшін мониторинг жүргізеді;
3) тіркелмеген модельді орындарға анықтауға мониторинг жүргізу;
4) ақпараттық материалдарды аналитикалық есептер дайындайды, діни салада ақпараттық-практикалық материалдарды және басқа жарияланымдарды әзірлейді және жариялайды;
5) орталық жұмысының белгіленген тәртібіне сәйкес тіркелген діни ұйымдармен бірігеді;
6) діни саладағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады.

Сонымен қатар, бұл бірлестік бүгінде діни сауаттылықты арттыру мақсатында оқыту курстарын қолға алған.Курстың негізгі мақсаты – дін саласындағы қызметкерлердің халыққа қызмет көрсетуіндегі сауаттылығын арттыру. Нақтылап айта кетер болсақ, бөлімнің ұйымдастыруымен дінтанушы, оқытушы профессорлар, мектепте дінтану пәнінің оқытушыларына айлық курстар өтеді, курс барысында мұғалімдерге қазіргі дін аясындағы өзекті сұрақтарға оқушының қабылдау жүйесіне сәйкес жауап берумен қатар, әртүрлі әдіс-тәсілдерді үйретеді.Сондай-ақ бұл жаңашаланған үрдіс тек мектеп мұғалімдерімен ғана тоқтап қалмайды, мешіттегі имамдардың да халықпен тығыз байланысын арттыру мақсатында, қарапайым адамдардың көкейіндегі сұрақтарына барынша оңтайландырылған түсіндіру амалдарын үйретеді. Құқық қорғау органдарының да қызметкерлері бұл курстан тыс қалып жатқан жоқ, олар үшінде радикалды әрекеттердің алдын алу мақсатында, айлық оқулар жүріп жатыр. Бұл бастамалар еліміздің басқа өңірлерінде де, көтеріліп қолға алынса екен дейміз.Курс бастапқыда Алматы қаласының мектептеріндегі дінтанушы мұғалімдер үшін басталған болатын. 2017 жылдың 27 наурызынан 24 мамырына дейінгі 40 күнді қамтыды. Кейіннен тағы қыркүйек айында қолға алынып жалғасып отырды. Курсқа қаланың 115 мектебі қатысты, жалпы курстың уақыты 72 сағатты құрайды. Оқу барысында мұғалімдермен әр түрлі діни бірлестіктерге экскурсия ұйымдастырылды.Курстың жаңашаланған өзгерісіне сәйкес, 36 сағаттық жоспармен қаламыздың мешіттеріндегі имамдарына да айлық оқу жоспарланды.Жалпы курсты 106 имам оқып бітірді, 13 наурыздан 3 шілдеге дейін жалғасты. Курстың тағы бір өзгешелігі «жергілікті полиция қызметкерлері мен полиция инспекторлары» бұл жүйеден тыс қалған жоқ. Құқық қорғау қызметкерлері үшінде 18 сағаттық оқу енгізілді.
Курстың негізгі тақырыбы «Зайырлылық және дінтану негіздері». Оқудағы дәріс беруші оқытушылар қатарына дінтану саласындағы бірнеше ірі профессорлар, Борбасова Қ.М, Бейсенов Б.Қ, Нұр-Мүбарак Египет ислам университетінің оқытушысы Дүйсебаева А.К т.б болды.
Аталмыш курстар өз жалғасын 2018 жылы датауып отыр. 10 мамыр күні мұғалімдердің үшінші тобы бітіріп, қалған екі топ қыркүйек айында жалғаспақ. Бұл курстар Алматы қаласы Дін істері басқармасының тапсырысымен атқарылып отыр.
Түсіндіру және алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі бүгінде қаламыздың бірқатар ЖОО мен мешіттерде, мектептер мен колледждерде, қалалық емханаларда, ІІД, оқу орындардың жатақханаларында, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы, «МегаТау» сауда орталығында, «ГУМ» сауда орталығында, «Олжа» базарында, Темір жол вокзалында бірнеше түсіндіру жұмыстарын жүргізген.
Бөлімнің мақсаты:
1) діни саладағы үрдістерді анықтау үшін жүйелі мониторинг
2) діни саладағы бұзушылықтарды анықтау бойынша мониторинг
3) ақпараттық есептерді және аналитикалық есептерді мониторингтің нәтижелеріне қатысты ұсыныстарды дайындау
4) діни ұйымдар саласындағы мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен және дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру үшін сарапшылар қауымдастығымен өзара әрекеттесуді жүзеге асыру
5) мемлекеттік қызметшілердің практикалық тәжірибесін білуге бағытталған әртүрлі іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және басқа да мақсатты топтар діни экстремизм мен лаңкестікпен күрес
6) кәсіпорынның ресми сайтында немесе бұқаралық ақпарат құралдарында орындалған жұмыстың нәтижелерін жариялау және жаңарту
7) діни ахуалды талдау және РР-мен өзара іс-қимыл жасау саласымен тікелей байланысты кәсіпорын басшылығына арналған басқа нұсқауларды орындау.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста