Адам баласына:
 
1.Қиямет күні,
 
2.жаңбырдың (қашан, қалай) жауатыны,
 
3.баланың жатырда қалай пайда болатыны,
 
4.ертең не болатыны және
 
5.қайда өлетіні құпия болып қалады.
 
Бұл 5 нәрсені білуші &ndash бір Алла ғана.  
 
Бұл жайлы Қасиетті Құранда: «Расында, жалғыз Алланыңқұзырында ғана:
 
- (Қиямет) сағаты (қашан болатыны жайлы) білім бар.
 
-Ол (Өзі қалаған уақытта, Өзі қалаған орынға) жаңбыр жаудырады және
 
-(аналардың) жатырларындағы жүктерін (ұл-қыз, бақытты-бақытсыз болатынын) біледі.
 
-Ешбір жан ертең не болатынын біле алмайды және
 
-ешбір жан қай жерде өлетінін білмейді. Тек қана, Алла &ndash Білуші және Хабардар» делінген. («Лұқман» сүресі, 34-аят).