«Алланы сүй, балақай, жаннан тәтті!»...

Кез келген мұсылманның түсінігінде Жаратушы аса мейірімді. Алланы сүюге, оның шексіз мейірімін сезінуге кішкентай балаларды ата-анасы үйретеді. Бала тәрбиесіндегі ең үлкен жауапкершілік анасына жүктелгендіктен, ананың айтқан сөздері, жасаған амалдары мен әдеттерінің барлығы кішкентай баланың қылықтарынан көрініс табады.
Рақымды болған Раббымыз адамға баланы аманат етіп, сеніп тапсырған. Сондықтан балада Алла жайлы дұрыс түсінік қалыптастырғанымыз абзал.
Таяуда әлеуметтік желіде 5-6 жас шамасындағы егіз қыздардың тартымды видеосы тарады. Сонда егіз қыздардың бірі: «Анашым, менің сіңілім ас ішерде «бисмилля» деп айтуды ұмытып кетті. Енді оған Алла ренжиді ғой» дейді. Сонда анасы жылы жымиып, қыздарына енді әркез бисмилляны айтып жүруді ұмытпауды ескертеді. Міне, осындай қарапайым дүниелерден баланың Аллаға деген сүйіспеншілігі қалыптасады.

Балаңыз Алла Тағаланы қандай деп біледі, Жаратушының құлдарына деген сүйіспеншілігі жайлы қаншалықты жиі айтып отырасыз? Ғалымдардың айтуынша, бала өзін Алла Тағаланың жақсы көретініне сеніп өскені аса маңызды. Сондықтан балаға дін туралы, Алла жайлы ата-ана үнемі мағлұмат беріп отыруы керек. Жай сөзден гөрі,мұны тәжірибеде жүзеге асыру өте маңызды. Өкінішке орай, кейбір ата-аналар баланы Алламен қорқытып жатады. Бұл үлкендердің ағаттығы.
Баланы тәрбиелеу мақсатында ғасырлар бойғы бала тәрбиесіне сіңіп кеткен қарапайым әрі оңай тәсіл – қорқыту. Әдетте кішкентайларды аңыз кейіпкерлерімен қорқытып жатамыз. «Көзіңді жұм, әйтпесе жалмауыз кемпір алып кетеді» немесе «Әкеңнен таяқ жейсің», «Қасқыр жеп кетеді» деген сөздермен қорқытатыны баршамызға белгілі. Ал кейбір отбасылар: «Алла сені тозаққа жібереді, ауру береді» деген секілді сөздермен баланы қорқыту тәсілін қолданады. Діннен хабары бар ата-аналар, баласын тіпті Алла Тағаламен қорқытып жатады.

Мұндай қорқыту әдісіне психолог ғалымдар дұрыс деп есептемейд. Осындай тәсілдің қайсысы болмасын, нәтиже берген болып көрінгенімен, аз уақыт ішінде күшін жояды да, керісінше, зияны ұзаққа созылып кетуі мүмкін. Атап айтқанда, балаңыз беймаза, жасқаншақ, шектен тыс секемшіл болады, кез келген нәрседен қорқатын болады. Әсіресе, қорқытушы құрал ретінде пайдаланған дүниеңіз балаңыздың түсінігінде жақсы нәрсе болып қалыптаса алмайды.

Әзірлеген Айнұр Нұрсабет 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста