Алладан надан адамдар ғана қорықпайды. Ал Алла Тағаланың әміріне мойынсұнған мүмін Жаратушы иесін қатты жақсы көреді, әрі шексіз қорқады. Құран Кәрімде былай делінеді:
«Мүмин сондай адам, Алланың есімі аталғанда жүрегіне қорқыныш түседі.» (Әнфал 2, Хадж 35)
Адамның білмейтін нәрсесін жақсы көруі және қорқуы мүмкін емес. Алланы қатты жақсы көрген және Оны жақсы таныған адам Алладан қатты қорқады. Алла Тағаланы ең жақсы таныған адам – пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) болғанына қарағанда, ең қатты қорыққан адам да, әрине, Ол. Расында Ол былай деген:
«Араларыңда Алладан еңқатты қорқатын менмін.» (Бұхари)
Пайғамбарлардан кейін Алла Тағаланы ең жақсы танығандар – олардың мұрагерлері болған ғалымдар және оларға жақын болғандар. Құран Кәрімде де былай делінеді:
«Алладан құлдары арасында тек ғалымдар ғана қорқады.» (Фатир сүресі, 28-аят)
«Аллаға және Расулына бағынып, Алладан қорққан және сақтанғандар; қияметте құтылғандар міне осылар.» (Нұрсүресу, 52-аят)
Мүминун сүресінің «Раббыларының алдына шығатын болғандықтан, олардың жүректері қорқынышпен соғады» мағынасындаға 60-шы аяти каримасындағы адамдардың ұры ма, әлде қылмыскер ме екендігі сұралғанда, пайғамбарымыз жауап берді:
«Олар намаз оқитын, ораза ұстайтын, зекет беретін адам болып, енді ғибадаттарымыз қабыл болмады ма деп қорқады.» (Тирмизи)
«Алладан қорқатын адамнан бәрі қорқады. Алладан қорықпайтын адам бәрінен қорқады.» (Әбушшәйһ)
«Иманы еңқуатты мүмин – жақсы мінезді болған адам. Оныңқасына бәрі оңай жақындай алады, келіп кететін адамдары көп болады. Бәрімен жақсы қарым-қатынаста болады. Айналасындағылармен жақсы қарым-қатынас құра алмаған адамда қайыр жоқ.» (Табарани)
«Қайда болса да Алла Тағаланы ұмытпайтын адамның иманы қуатты.» (Бәйһақи)