«Дандайсып адамдардан жүзіңді бұрма, жер бетінде керкеңдеп жүрме. Расында, Алла тағала дандайсыған мақтаншақтарды мүлде ұнатпайды» («Лұқман» сүресі, 18-аят).
«Қарун Мұсаның (ғ.с.) үмбетінен еді. Алайда ол астамдыққа бой алдырып, қауымына озбырлық қылды. Оған кілттерінің өзін бір топ балуан әзер көтеретін қазыналар берген едік. Оған өз елі: (Дәулетіңе мастанып) тым есірме! Расында, Алла тағала (шүкіршілікті ұмытып) есіріп кеткендерді мүлдем ұнатпайды» («Қасас» сүресі, 76-аят).