Мұса пайғамбар айтты:
"Ей, Алла-Тағала, адамдарға саулық бердің ауру бермесең не болар еді?"
Алла-Тағала:
"Ей, Мұса, адамдарға саулық беріп, ауру бермесем, мені ешкім де есіне алмас еді" - деп жауап қайырды.
"Ей, Алла-Тағала, бізге тіршілік бердің, өлімді бермесең болмас па еді?"
Алла-Тағала былай деп жауап қайырды:
"Ей, Мұса, тіршілік беріп, өлім бермесем, халық менен қорықпас еді".
-"Ей, Алла-Тағала, адамдар үшін жұмақты жараттың, бірақ тозақты жаратпай-ақ қойсаң болмас па еді?"
Алла-Тағала айтты:
"Ей, Мұса, егер тозақты жаратпасам, ешкім менің рақымымнан үміттенбес еді"
Мұса пайғамбар айтты:
"Я, Алла-Тағала, сен адам болсаң не қалар едің?"
Алла-Тағала:
"Мен адам болсам тыныштық қалар едім"-деді.
Құран кəрімде, Алла-Тағала:
"Сендердің жүректерің мені еске алуларыңмен тыныштық табады"-деді.