АЛЛА АЖЫРАСУДЫ ҚАЛАМАЙДЫ

Пайғамбар (с.ғ.с.) былай деген:
«Алла үшін рұқсат етілгендердің ішінен
ең жексұрыны – ол ажырасу болып табылады».

Адамдар неге ажырасады? Нақтырақ айтатын болсақ, мұсылмандар неге ажырасады?! Мұсылман еместер туралы бәрі түсінікті - шариғат сақталмайды, ішкілік ішеді, ұрады, көңілдес табады және осылардан басқа да салдарлар туындап жатады. Алайда мұсылман отбасыларына не жетіспей жатады? Соңғы кездері таныстарымнан біреулердің ажырасқаны туралы жиі еститін болдым. Ажырасу туралы бастаманы негізінен әйелдер жағы көтереді. Егер күйеуі сабырлылық танытып, әйелі райынан қайтып, ойланар деген үмітпен ажырасуға келісім бермесе, әлбетте жақсы. Ал егер сонда да ажырасып жатса, онда бұл да бір қателік.
Расымен мұсылман еркектер соншалықты жаман болып кеткені ме? Ажырасудың себептері қандай? Осы сұрақтарды әйелдерге қойған кезіңде, күйеуінің кейбір кемшіліктерінен басқа кейде нақты, ашық жауап ести де алмайсың. Өйткені, көпшілік жағдайда ашықтан-ашық себептері болмай да жатады. Жәй ғана бірін-бірі дұрыс түсінбеген, ойларын дұрыс жеткізе алмаған, шаршаған… Кейде жақсы көрмей кеттім деп те айтып жатады. Бұл қалай болғаны?! Неге жақын адамдар бір-біріне кенеттен бөтен болып кетеді?! Алла отбасылық өмірдің барлық ережелерін жазып берген. Егер сол ережелерді сақтап отырса, бейбітшілік пен тыныштық орнаған керемет отбасын құруға болады.
Менің күйеуім некеге тұрған кезде маған былай деген: «Отбасы – бұл шағын мемлекет. Күйеуі маңызды мәселелермен айналысуы, ақша табуы, отбасын барлық қажетті заттармен қамтамасыз етуі қажет. Ал әйел - ол ішкі істер министрі. Ол үй шаруасымен, балалардың тәрбиесімен айналысуы қажет. Егер олардың екеуі де бір-бірінің шаруасына араласпаса, онда бәрі жақсы болады». Ал қалған нәрселер туралы кез-келген уақытта келісіп алуға болады. Алла тағала бізге ақыл-ес, тіл берген. Сонымен біз өзіміз бір нанды бөлісіп жеп отырған адаммен неге түсінісе алмаймыз? Ортақ балаларымызды тәрбиелеп отырған адаммен… Махаббат – бұл сабынның көбігі емес, Алла үшін сүю – бұл нағыз махаббат.
Көптеген қыздар ақшаның жетіспейтіндігіне шағымданады. Дегенмен бұл ажырасудың себебі болмауы тиіс. Мүміндердің аналары кедейшілікте өмір сүргені сондай, кейде олардың қазандары айлап көтерілмеген уақыттар да болған. Олар тақыр жердің бетіне ұйықтап, өз киімдерін жамылып жатқан. Барлық мүміндердің анасы Аиша былай дейді: «Мұхаммедтің отбасы өле өлгенше ешқашан екі күн қатарынан қара нанның өзін тойып жеген емес» (Бұхари, Муслим).
Хадисте мынаны айтады: «Аса қажеттілік туындамаған жағдайда, күйеуінен ажырасуды сұраған әйел Жұмақтың жұпар иісін сезінбейді» (ат-Тирмизи). Біз бұл дүниеге Жұмаққа қол жеткізу үшін келдік. Сондықтан уақытша отбасылық кикілжің үшін ажырасуды талап етіп, осы әркетімізбен Алланы ашуландырудың қажеті бар ма?!
Рас, кейде ажырасудың бастамашысы еркектер де болып жатады. Бұған байланысты мына мысалды келтірейік: Алланың Елшісіне (с.ғ.с.) бірде бір әйел келеді де былай дейді: «О, Алланың Елшісі (с.ғ.с.) тұрмысқа шыққан кезде мен жас, текті әрі бай едім, Алайда жылдар өте менің ажарым кетті, туысқандарым да таусылды, байлық та кетті, осыған байланысты күйеуім менен ажырасты. Қолымда оның балалары бар, егер мен оларды күйеуіммен қалдырсам, онда олар құриды, ал алып кетсем, онда аш қалады». Алланың Елшісі (с.ғ.с.) мұны естген кезде жылап жібереді. Ол ұзақ уақыт бойы еш нәрсе айта алмай қалады.
Пайғамбардың (с.ғ.с.) мынаны айтқаны бізге жеткен: «Мүмін еркектің мүмін әйелді жек көруге құқығы жоқ. Егер ол әйелінің мінезінің бір сипатына риза болмаса, онда екінші бір сипатына риза болады». (Муслим). Сондықтан еркектер де әйелдерінің кемшіліктеріне сабырлылық танытуы қажет. Кез-келген ұсақ-түйек үшін ажырасудың қажеті жоқ. Алла ажырасу құқығын ерінің қолына даналықпен тапсырған. Өйткені еркек әйелге қарағанда ұстамдырақ және парасаттырақ.
Сөз соңында, әрбір отбасына бейбітшілік пен аман-есендік тілегім келеді. Алла сіздерді бақытсыздық пен алауыздықтан сақтасын!
muslim.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста