Бір ауылда даналығымен танымал қария тұрыпты. Оған ақыл-кеңес сұрау үшін көрші ауылдардан да адамдар келеді екен. Осындай көрші ауылдың бірінен бір шал қарияға барып: «Бай болмасақ та, сізге ең күшті тамақтар әзірлеп қонақ күткім келіп отыр», - деп асқа шақырады. Қария қуана келіседі де, қонаққа жиналады. Шалдың үйінде расында да дастархан неше түрлі асқа толып тұрады. Тамақты жеп алып, қария дастарханнан кете бермекші болғанда, шал таңғалып:
- Қария, мен сізге ас даярлап, қонақ күттім, маған айтар еш алғысыңыз жоқ па сонда? – дейді.
Қария:
- Сіз тамақ ішіп кет деп шақырдыңыз ғой, сізге алғыс айту үшін емес, - деп үйден шығып кетеді.
Мұндай жауапты күтпеген шал қариядан «есе қайтаруды» көздейді. Оған қайткен күнде де алғыс айтқызу керек деп ойлайды. Бірақ қария қолшатырды өзі әкелмей, шәкірттерінің біреуінен беріп жібереді. Шәкірті де ұстазы тәрізді шалға еш алғыс айтпай, қолшатырды ұстатып кете беріпті. Бірнеше күннен соң, шал мен қария ортақ таныстардың үйінде кездеседі. Шал бәрін шешетін уақыт келді-ау деп, әңгімені жайлап бастайды:
- Өткен күні қатты жаңбыр жауып, ауырып қалған жоқсыз ба?
- Жоқ, ауырмадым. Қолшатырыңызды шәкіртімнен беріп жіберген болатынмын, алған боларсыз? – дейді қария.
- Ия, әрине. Ұмытпай жібергеніңізге рахмет, - дегенін білмей қалған шал қария орнына өзі алғыс айтып отырғанын байқап ашуланады.
Қараса, қария өзіне қарап күлімдеп отыр екен. Одан әрі шыдамай, шал орнынан ұшып тұрып:
- Қария, сізді де дана дейді-ау елдер! Түк тәрбие көрмепсіз! Жасаған осыншама жақсылығыма кемдегенде бір рахметіңізді айтсаңыз неңіз кетеді?! – депті. Сонда қария:
- Мен сізге деген алғысымды ұдайы ішімнен айттым, жақсылығыңызды ұмытқан емеспін. Егер де адам жасаған жақсылығы үшін алғыс дәмететін болса, жасағаны шынайы жақсылық болмайды. Сіз жақсылықтың ақысына елдің ризашылығын не болмаса алғысын алам деп дәметпеуіңіз керек. Жақсылық жасағаныңыздан алатын қуаныш жеткілікті болуы керек. Жақсылықтың негізі – осы. Егер де ақысын күтетін болсаңыз, ешкімді емес, өзіңізді алдаған боласыз. Адамдардың болмысында мақтаншақтық пен менменшілдік бар.
Жақсылықты жеке өзіңіздің мақсатыңызды көздеп жасасаңыз, қате жасаған боласыз. Егер де еш алғыс дәметпей, адамдарға жақсылықты тек жақсылық болсын деп жасасаңыз, ешкімнен ешқашан көңіліңіз қалмайды, - дейді қария.
mazhab.kz/kk/maqalalar/gibratnama/algys-dametpeuiniz-kerek-1093/