...Егер әйелдеріңді жақтырмасаңдар, сабыр сақтаңдар. Себебі сендерге бір нәрсе ұнамауы мүмкін, ал Алла сол нәрседе көп қайыр (игілік) жасырып қоюы мүмкін. ("Ниса" сүресі, 19 аят).
Әйеліңнің көңіліне қаяу түскен сәтте оған тіреу бол әрі оның көз жасын өз қолыңмен сүрт!
Әнас (р.а) былай деді: "Бірде Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әйелі Сафия (р.а) Алла Елшісімен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бірге сапарда болатын. Жолда ол артта қалып қойды да, сосын Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оны алдынан шығып күтіп алды. (Сол кезде) ол көзіне жас алып: "Сіз мені жайбасар түйеге отырғыздыңыз", - деді. Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өз қолымен оның көз жастарын сүртіп, жұбата бастады" (ән-Нәсаи)