Мысыр билігі әйелдерге ниқаб, яғни бет-ауызын тұмшалап жүруге тыйым салатын заң жобасын дайындап жатыр деп хабарлайды 24,kz.
Оған сәйкес, қыз-келіншектерге қоғамдық орындар мен әкімшілік мекемелерде, бетін бүркеп алып жүруге рұқсат берілмейді. Бастаманы бірқатар қоғам қайраткері қолдап отыр.
Жалпы, өткен айда Каир университетінің басшылығы медициналық факультет студенттеріне ниқаб киюге тыйым салған болатын. Ал одан бұрын білім ошағы оқытушылар үшін де осындай ереже енгізген. Өйткені бетін бүркеп алған ұстаздармен сөйлесу қиын деп, студенттер жиі шағымдана бастапты.