Сәлеметсіздер ме! Сіздерден сұрайын дегенім, ораза ұстайтын әйел адамға тарауих намазына мешітке бару міндет пе?
Әлия, «Алаш айнасының» сайтына түскен сұрақтан.
Бұл сұраққа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметкері Азамат Қасым жауап береді:
–Тарауих намазын оқудың сауабы жайында Алланың Елшісі: «Кімде кім, Рамазанда сауабын үміт ете отырып, Алла разылығы үшін Тарауих намазын оқыса, оның өткен күнәлары кешіріледі», - деген. Мейлі әйел болсын, мейлі ер кісі болсын тарауих намазын оқыса сауапқа кенеледі. Бірақ әйел кісінің үйінде оқыған намазы, мешітте оқыған намазынан қайырлы екендігін ескерген жөн. Сондықтан әйел кісі тарауих намазын мешітте емес, үйінде оқығаны абзал. Дегенмен, мешітке келіп оқудың да күнәсі жоқ.
Негізі әйелдерге тарауих намазына қатысуға рұқсат етілген. Оған қоса, егер мүмкіншілік болса, оларға бөлек имам тағайындалады. Алайда, егер мұндай мүмкіншілік болмаса, онда намазды әйелдерге де, ерлерге де бір имамның артында тұрып-ақ оқыса болады. Бірақ олар ерлермен араласпай, бөлек жерде тұру керек. Әйелдер қалаған қосымша намазын мешітте оқи алады, алайда олардың үйлерінде оқыған намаздары жақсырақ болып табылады. Себебі пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Әйелдеріңе мешітке баруды тыйым салмаңдар, алайда олардың үйлерінде оқыған намаздары олар үшін жақсырақ!» деген. Сондай-ақ, тағы бір хадисте: «Әйелдердің ең ізгілері – мешіті үйінің ішінде болғаны», – деген. Осы хадистерде айтылғандай әйелдер намазды мешітке барып оқыса болады. Бірақ өз үйінде оқығаны абзал. Ал намаз оқуға келген адам мешіт әдебін сақтауы тиіс. Дүние сөзін сөйлеп, әдепсіз әрекет көрсетіп, орынға таласуына болмайды. Әрі мешіт Алланың үйі екендігін естен шығармай, оны барынша таза ұстау қажет.
Әйел адам тарауих намазына мешітке барса бола ма?
Читайте также
Діни кітаптарды кез келген орында сатуға рұқсат жоқ
Емшіге алданып қалмаңыз
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ хазреттің қасиетті Рамазан айына байланысты халыққа үндеуі
Оразада сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді?
Тамырдан екпе салдыру оразаны бұза ма?
Аузы берік адам өзен-көлге түссе бола ма?
Последние статьи автора