Біздің Қасым жұмыстан соң үйіне келсе ауладағы барлық нәрселер шашылып жатыпты. Үш баласы далада лас топырақ үстінде аунап ойнап жүр екен дейді. Ауланың іші үйдегі пештен шығарылған күл-қоқыстар, ана жер, мына жерлерде илектенген тағы бірдемелер… Ал машинасы гараж жанында бір есігі ашық, жүк салғышы да ашылған, балшық- батпақ жабысқан лас күйі қалай болса солай тұр екен.
Үйіне кірсе тіпті қорқынышты екен дейді. Кіреберістегі кілем жиырылып, бір шеті аударылып қалған, төбедегі люстра үзіліп түсуге шақ салақтап тұр екен дейді… Ал қонақ бөлмеде теледидар дауысы шегіне қойылып, мультфильм жүріп жатыр екен. Еденге шашылған балалар ойыншығы, киім-кешектер… Асхана бөлмесіне кірсе жуылмаған ыдыс-аяқтар, таңертеңгі тамақтан соң сатпақ-сатпақ күйі үйіліп тұр, және бір кесе шағылып, еденде шашырап жатыр. Үйінің екінші қабатына қарай шықса саты бойымен қоқыс-қалдықтар…
Бұларды көрген соң әйеліме қандай бір жаман нәрсе болған екен, немесе қатты ауырып қалған шығар деп ойлап шошып кетіп, ентіге жүгіріпті. Сонымен жататын бөлмеге кіріп келсе әйелі шалқадан түсіп кітап оқ-е-е-еп жатыр екен дейді.
Күйеуінің кіріп келгенін көрген әйелі кітабынан көзін аударып, күлімсіреп: «Жаным, бүгінгі күнің қалай өтті?» деп сұрапты. Сосын күлімсіреген қалпы: «Сен күнде кешке үйге келгенде менен күні бойы не істегенім туралы ешбір сұрамайсың емес пе! Сондықтан да мен сенің онсыз да сұрамайтыныңды біліп күнделікті істейтін шаруаларымды істеген жоқпын», депті
https://mazhab.kz/kk/maqalalar/gibratnama/aiel-adam-kuni-boiy-uide-ne-isteidi-1120/