Аяқ киіммен намаз оқуға бола ма?

-Қыс айларында кейде жұма намазын мешіттің сыртында оқуға тұра келеді. Күн суық болғандықтан, аяқ киімді шешпейміз. Сіздерден осы жайында сұрайын деген ем, суық тигізіп алмау үшін аяқ киіммен намаз оқуға бола ма?

Жауап: Амр бин Шұғайыб әкесінен және атасынан риуаят етеді: «Мен Алла елшісінің (с.ғ.с.) жалаң аяқ және аяқ киімде намаз оқығанын көрдім[1]».
Ал, Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) мынадай жайтты риуаят етеді: «Пайғамбар (с.ғ.с.) аяқ киімін шешкен соң, адамдар да кебістерін шешті. Пайғамбар (с.ғ.с.) намазын бітіріп: «Кебістеріңді неге шештіңдер?» – деп сұрады. Адамдар: «Сіздің шешкеніңізді көріп, біз де шештік», – деді. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Маған Жәбірейіл келіп, аяқ киімімде бір жаман нәрсе барын жеткізді. Сендер мешітке келсеңдер, аяқ киімдеріңнің табанына қараңдар. Жаман нәрсе (нәжіс) болса жерге ысқылап, онымен (кебісті шешпей-ақ) намаз оқи беріңдер[2]».
Түйіндей айтқанда, суық күндерде аяқ киіммен намаз оқуға рұқсат етіледі. Ең бастысы, аяқ киімнің табанында нәжіс болмауы керек. Нәжіс болған күннің өзінде қарға немесе басқа нәрсеге тазалап алған соң оқи беруге болады.

muslim.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста