Адамның жаны неге ауырады?

Әзіреті Имам Шағбиден (Алла одан разы болсын) бір кісі: «Адамның жаны ауыра ма?» деп сұрайды. Сонда Имам Шағби: «Иә ауырады. Жаман, нашар адамдардың себебінен ауырады» деп жауап береді. Шағбидің жақсы таныстарының бірі: «Бір күні Шағбидің тұсынан өттім. Екі нашар адамның ортасында отыр екен. Жан қалай?» деп сұрадым. Ол маған қарап: «Өлімалды арпалыстың, жанталастың күйін кешіп отыр» депті. Рас, кейде кейбір адамдардың жанында отырғанда нәрі мен мәні жоқ әңгімелерінен жанымыздың күйзелетіні ақиқат. Құдай сақтасын, жаманмен бірге отырудың өзі – үлкен қасірет, азап екенін сонда түсінесің. Осындайда жақсыларға жақын, жамандардан алыс жүру керек екенін ұғасың.

Ал, жақсы адам дегеніміз кім? Әзіреті Хасан Басриден «Жақсы адам кім?» деп сұрағанда, ол: «Төрт нәрсе адамның жақсы екенін білдіреді: «Шыншылдық, достарының қате-кемшіліктерін кешіру, жомарттық, көршілеріне зиян келтірмеу», – деп жауап берген. Ізгі жандардың бірі: Жақсы адам деген жақсылық жасауда пейілі кең, мінезі көркем, білім іздеу және құлшылық жасауда басқаларға үлгі болған жан»,-деген екен. Ендеше Құдай Тағаладан екі дүниеде де жақсылармен бірге болуымызды тілейік!

Kazislam.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста