Уағызшы Қабылбек Әліпбайұлы 8 нарузы бен 22 наурызға қатысты былай деді:
- 8 наурыз, 22 наурыз діни мейрам емес. Ашық айтамыз. Құранмен, сүннетпен бекітілген, дін бұйырған мейрам емес. Бірақ, 8 наурыз халықаралық әйелдер мейрамы болғандықтан, құттықтаудың, сыйлық сыйлаудың еш әбестігі жоқ. Орамал сыйлаңыз, гүл сыйлаңыз. Ана, әпке, қарындастарыңызға, жарларыңызға. Бұл сыйластық танытудағы үлкен мүмкіндік.
Абдулла иб Хузайфа: Құранға қарсы ма? Жоқ! Сүннетке қарсы ма? Жоқ! Демес, шариғатқа қарсы емес. Құттықтаймыз!" деп айтты.