Ұлы Әбу Жаппар әл-Бәкір маған былай деді:
Бірде әкем: «Балам! Мынандай 5 түрлі адаммен дос болма, сөйлеспе де, сапарлас та болма!» деп өсиет айтты.
.
— Айтыңызшы, әке, ол қандай адамдар? — деп сұрадым мен. Сонда әкем былай жауап берді:
.
— Ешқашан Алланың әмірлеріне бойұсынбайтын пасықпен достаспа, ол сені бір шайнам ас немесе бақыр тиын үшін (ашкөздігінен) сатып кетеді.
.
— Әке! Екінші адам кім?
— Сараңмен дос болма. Өйткені ол сен мұқтаж кезде мүлкін сақтап қалу үшін достықтан аттай салады. — Әке! Ал үшіншісі кім?
.
— Өтірікшімен дос болма. Себебі оның шындығы сағымға ұқсас. Алысты жақын, жақынды алыс етіп көрсетеді (адастырады).
.
— Әке, төртінші ше?
— Ақымақпен дос болма. Себебі ол көмектесемін деп жүріп зиянын тигізеді. (артық қыламын деп тыртық қылады)
.
— Бесіншісі кім? - деп сұрағанымда:
— Жақын туыстарын ұмытқандармен дос болма. Өйткені Құранда оларды қарғыс атқандығы туралы үш рет айтылған», — деді әкем.
.
P.S. Дос — араб тілінде «садық» сөзінен шығып, аударғанда шынайы, шыншыл деген мағыналарды береді. Демек, нағыз дос қашан да сізге адал және қуанышта да, қиындықта да риясыз қолдайтын бауырыңыз.
.
Аударған Жазира Ботақара