10 түрлі шағымға Құраннан 10 жауап

10 түрлі шағымға Құраннан 10 жауап

Біз бес күндік жалған өмірде түкке тұрмас нәрсе үшін ұрыс шығарып, өзіміздің де өзгенің де көңіліне кірбің ұялатып жатамыз. Осындай болмашы мәселелерге Құранның жауабы мынадай:

 

1.iPhone 7 алғым келеді. «Дүние тіршілігі еш нәрсе емес. Ойын-сауық ғана. Әрине ақырет жұрты тақуалар үшін жақсы. Сонда да түсінбейсіңдер ме?» (6:32).

 

2. Кең үйім болса. «Алла (Т.) иман келтіргендерге Перғауынның әйелін мысал көрсетті. Сол уақытта ол: &ldquoРаббым! Өз жаныңнан маған пейіште бір үй жаса әрі мені Перғауыннан және оның істегендерінен құтқар. Сондай-ақ залым елден де құтқар» деген еді (66:11). Адам баласы өзінде барды әрдайым азырқанып тұрады. Бір бөлмелі үй алса, екеуін қалайды. Оған қол жеткізген соң одан да үлкенін алғысы келеді. Жағдайды жақсартуға талпынған дұрыс, бірақ бастысы &ndash дүниеқұмарлыққа салынып, Алланы ұмытудан сақ болу керек. Құранда Пайғамбарымыз «барлық заманның ұлы әйелдерінің бірі», - деп айтып кеткен Перғауынның әйелі Әсияны мысалға келтіреді. Өз кезінде оның зәулім сарайы болған, алайда ол жәннаттағы үйді таңдады.

 

3. Менің әлеуметтік желіде оқырмандарым аз. «Әй Пайғамбар! Алла (Т.) саған және мүміндерден саған ергендерге жетіп асады» (8:64). Оқырман санын арттырудан ештеңе ұтпаймыз, шынайы достықтың қадірі бөлек.

 

4. Анам тағы күріш басыпты. «Раббың, өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық қылуларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда кәрілікке жетсе: &ldquoТүһ&rdquo деме (кейіс білдірме). Сондай-ақ ол екеуін зекіме де, ол екеуіне сыпайы сөз сөйле. «Ол екеуіне кішірейіп мәрхамет құшағын жай да: &ldquoРаббым! Ол екеуі мені кішкентайда тәрбиелегендей Сен де оларды мәхаметіңе бөлей көр!»,-де. (17:23-24).

 

5. Мен де неге автомат машина жоқ, механикамен жүрем бе? « Әрі сендерге өзінен сұраған нәрселеріңнің бәрінен берді. Егер Алланың нығметін санасаңдар, санына жете алмайсыңдар. Расында адам баласы өте ынсапсыз, аса шүкірсіз» (14:34). Барына қанағат етпеу &ndash адамның ең жаман қасиеті. Қолда барға шүкіршілік еткеннің Алла Тағала өзі-ақ нығметін арттыра береді.

 

6. Мен бір тарелке тамаққа тоймаймын.  «Әй адам балалары! Әрбір құлшылық орнында зейнеттеріңді алыңдар (киініңдер). Және жеңдер, ішіңдер де ысырап етпеңдер. Күдіксіз Алла ысырап етушілерді сүймейді»(7:31)

 

7. Тағы жаңбыр жауды ма?! Осындай ауа-райын жек көремін. «Аспаннан берекетті жаңбыр жаудырып, сонда ол арқылы бақшалар және орылатын астық өсірдік» (50:9). Сондықтан-да жаңбырды Алланың берген берекеті, свйы деп қарауымыз керек.

 

8. Менің айтқаныма неге құлақ аспайды? «Дінде зорлау жоқ. Расында туралық, азғындықтан ажыратылды. Енді кім жауыздыққа қарсы келіп, Аллаға иман келтірсе, сонда ол рас үзілмейтін (берік) тұтқаны ұстады. Алла әр нәрсені естуші, білуші» (2:256). Мұндай жағдай дін ұстанушы мен исламнан бейхабар адамдардың арасында жиі кездеседі. Мысалғы, ата-ана мен баланың, ері мен әйелінің, оқушы мен ұстаздың т.б. Егер ақиқат жайында айтып тұрғанда, басқалар тыңдамаса, шыдамсыздық танытатынымыз рас. Сондықтан да Құранда да айтқандай дінде қысым жоқ. Бізге жылы жеткізіп, басқа мүмін үшін дұға тілеу қайырлы болмақ.

 

9. Киетін киімім жоқ. «Сондықтан шамаларың келгенінше Алладан қорқыңдар. (Әмірлерін) тыңдаңдар, бой ұсыныңдар. Сондай-ақ тиісті орындарға мал жұмсаңдар; сендер үшін қайырлы болсын. Кім нәпсісінің сараңдығынан сақсынса, міне олар, құтылушылар» (64:16). Кейде шкаф толы киіміз болса да, бір жерге шығарда іліп алар киі жоқ деп шағымданып шыға келетініміз бар. Кейін үсті-үстіне ала береміз де, бір-екі рет қана киілгендер орын алып тұра береді. Мұндайды құранда «нәпсінің сараңдығы» деп көрсетеді. Сондықтан да ысырапшылық жасамаған жөн.

 

10. Тәтті бір нәре жегім келіп тұр. «Ал, енді Алланың сендерге берген ризығының халал, тазасынан жеңдер. Сондай-ақ егер Оған ғана құлшылық қылатын болсаңдар, Алланың нығметіне шүкіршілік қылыңдар» (16:114). Тоңазытқыш тамаққа толып тұрса да, басқа бір нәрсе жегіміз келетін сәттер әркімде кездеседі. Осындай кездерде аш-жалаңаш, бір тілім нан мен бір жұтым суға зру жандардың бар екенін еске алып тұру керек. Осылайша біз Құранда айтылғандай: «Сол уақытта Раббыларың: &ldquoЕгер шүкір етсеңдер, арттыра беремін. Ал, егер қарсы келсеңдер, азабым тым қатты&rdquo деп жариялады» (14:7). барға қанағат етуді үйренеміз.

 

Ihsan.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста