Қазақ руханиятының мәйегі – дәстүрлі ислам діні

Қазақ руханиятының мәйегі – дәстүрлі ислам діні

Ислам дінінің адамзат дамуындағы жасампаздық рөлі орасан зор. Өйткені күллі адам баласын азып-тозудан, адами қасиеттен айырылуынан құтқарып қалған соңғы кәміл дін ислам діні екені дау­сыз. Бұрынғы христиан, будда діндерінің киелі кітаптары, тарихи миссиялары жұмыр басты пенделер тарапынан бұрмалауға ұшы­ра­ғаны мұқым елге мәлім. Жалпы, діннің шынайы миссиясына бөгет болғысы келетіндер арамызда жетерлік. Бұл діннің шынайы-жал­ғандығын ажыратуға көп қиындық келтіреді. Ал адам баласына пай­ғамбарлар арқылы жіберілген діндерсіз әлемдік дамуды, саясатты, қоғам­дық-мәдени өмірімізді елестету мүмкін емес.
ислам діні – түркілердің тарихи таңдауы
VII ғасырда ислам діні қазақ даласына күштеп емес, мәдени үндестік негізінде үйлесім тауып енгізілді.  «Сайрамда сансыз баб, Түркістанда түмен баб» дегендей, қазақ даласына ислам жая келген әулие-баб­тар түркілік дәстүр мен ислам дінінің рухани өзегін бір арнаға тоғыстыра білді. Қазақ­тың дәстүрлі әдет-ғұрпы мен шари­ғат заңдары, екі дүниетаным бір-бірімен біте қайнасып қатар өмір сүріп қоймай, әл-Бируни, Ибн-Сина, әл-Фараби, әл-Хорез­ми, А.Игүнікилер соқпақ салған мұсылман Ренессансына ұласты. Қожа Ахмет Ясауи салған сара жол түркі баласын біріктірді. Бір қызығы, араб халифаты орнаған елдер араб мәдениетінің ықпа­лына ұшыраса, қазақ даласы өзінің төл мәдениеті мен дәстүрін сақтап қалды. Яғни қазақ даласы ислам дінін түбегейлі қабыл­дағанымен, басы бүтін арабтанған жоқ. Ханафилік мәсһаб, матуридилік мек­теп­терді ұстанған қазақ жұрты көшпенді бол­мы­сына сай, далалық үлгідегі исламды қабылдады. Орталық Азияда Қара­ха­нид­тер қағанатында Сатұқ Боғра хан ислам дінін мемлекеттік дін етіп жарияласа, моң­ғол дәуірі кезінде Алтын Ордада Қожа Ахмет Ясауидің шәкірттері – Баба Түкті Шашты Әзиз (Баба Туклас), Садр ата, Бадр ата, Ұзын аталардың ықпалымен Өзбек хан ислам дініне мемлекеттік мәртебе бер­ді. Шыңғыс әулеті қарахандықтар дәуірінен басталған исламдану үрдісінің аяқталуына себепкер болды деуге негіз бар. Әмір Темір бабамыз Қожа Ахмет Ясауиге кесене тұрғызып, оның қасына қазақтың хан-сұл­тан­дары, игі жақсылары жерленді. Батыс­тық ғалым Дж. Тримингэмнің «орта ғасыр­ларда түркілер мен моңғолдар үшін исламның символы мешіт­тен гөрі Ясауи кесенесі болды» деген сөзі шын­дықтан алыс болмаса керек. Қысқасы, түркі баласы ислам дініне тарихи таңдау жасады. «Шаманизмде қалып қойған Сібір­дегі кейбір түркі халықтарының потенциалына кең өріс ашылмай қалған жоқ па» деген ой да жоқ емес. Ноғайлы дәуіріндегі ақын-жыраулардың сүнниттік исламның насихатшысы болғаны тарихтан мәлім. Жалпы, дін немесе діни дүние­таным, наным-түсініктер кез келген ұлттың төл болмысымен біте қайнасып жатады. Әр ұлт өзінің кім екендігін, түп-тұқиянын іздегенде діни бастаулардан алшақ тұра алмайды. Мысалы, ағылшын жұрты өзінің англикандық шіркеудің ажырамас бөлігі екенін сезінеді, шотландықтардың олардан діни айырмашылығы – пресвитериан шір­кеуін ежелден мойындайды. Ал амери­калықтардың жартысынан көбі хрис­тиан­ның протестанттық бағытын ұстанады. Марқұм зерттеуші Серікбол Қондыбайдың: «Қазақ дегеніміз — исламның суфийлік және ханифалық ағымы мен қыпшақтанып кеткен ежелгі Вара-Үрым идеясының бір рухани арнаға тоғысуынан шыққан пенде» деп анықтама беріп кетуі Алаш жұртының діни-рухани тамырының қайдан шық­қанына жол сілтейді. Демек, діни фактор­дың ұлт болмысын айқындайтынын жоққа шығару мүмкін емес. Кешегі орыс отар­шыл­дары мен қазіргі әсіредіншілдер «қазақ мал бағып, діннен мақұрым қал­ған, қаптатып мешіт салмаған, мұсыл­ман­шылықты берік ұстанбаған» деген сыңар­жақ тұжырымдарды тықпалап бақты. Діни догмаға ұрынбай, ислам дінін әзиз салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының алтын қауы­зына сыйдырған қазақтың жайсаң мінезі, берекелі, ғибратты өткені барын көргісі келмейтіндер, өкінішке қарай, өз арамызда жетіп-артылады. Қазақ ислам нұрын жүрегіне, хақ ілімін көкірегіне құйған. Дін­танушы Мұхан Исахан исламның қазақ­тың дүниетанымы мен ойлау жүйесінің темір қазығына айналуына сопылық ілім ерекше ықпал еткенін айтады.
Мұхан ИСАХАН, дінтанушы:
– Өз дәуірінде Сұлтани-арифин, Пири-Түркістан атанған Құл Қожа Ахмет бабамыздың көшпелілердің дүниетанымына сай хақ дінді наси­хат­таудың хал-хикмет методологиясы кең масштабта халықтың қолдауына ие болды. Оның ізашарлары Зарнұқи, Бақырғани, Сайд ата, Бадр ата, Садр ата, Хасан ата, Зеңгі баба, Шопан ата, Сыпыра жырау, Асан қайғыдан кешегі патша үкіметі мен кеңес билігі орна­ғанға дейінгі аралықта өмір сүрген жыраулар, ахундар, ишандар, сал-серілер хақ дінді хал-хикмет әдісімен халықтың бойына сіңіріп келді. Ханафи мәсһабында құқықтық үкім жеті қайнар көзге жүгіне отырып шығарылады. Соның бірі – ғүрф. Оның мағынасы: ислам жаңа бір өлкеге тарай бастаған кезде сол жерді мекендеген халықтың ислам негіздеріне қайшы келмейтін, сол қоғамның өз ішіндегі қарым-қатынасты дұрыс реттеп отыратын әдет-ғұрыптары бейне хақ діннің үкімі тәрізді саналады. Қазақ халқының ғасырлар бойғы салт-дәстүріне берік болуының бір сыры – ханафи мәсһа­бының ғүрф үкімін негізге алған­ды­ғында. Имам Ағзамның көзқа­ра­сынша, Құран мен сүннетке қайшы емес негіз­дегі кез келген ұлттың исламнан бұрын­ғы қалыптасқан әдет-ғұрпымен үкім беруге рұқсат етіледі. Осы ретте әдет-ғұрыптар «сахих» және «фасид» болып екіге бөлінеді. «Сахих» әдет-ғұрыпта Құран мен сүннетке қарама-қай­шы­лық болмайды. Ал «фасид» әдет-ғұрып «нассқа» қайшы болып келеді. Біздің ата-бабаларымыз көбіне-көп сахих салт-дәстүрлерді ғұмырлық өлшем етіп алған. Едіге бидің «Жасақ» жарлықта­ры, «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», әз-Тәукенің «Жеті жарғысы», Абақ Керейдің «Төрт би, төре заңы», хакім Абайдың ұйытқы болуы­мен жазылған «Шар заңы», Барлыбек Сырттановтың «Ынтымақ ере­­жесі» хақ діннің негіздеріне қайшы емес, қайта бұл заңнамалар шариғат заңдарына қазақы реңк беріп, діни үкімдер мен әдет-ғұрыпты біте қайнас­тыр­ған.

Ой-тұжырым
Жаһандану заманында тәуелсіз Қазақстан көптеген рухани қауіп-қатермен күресу үшін тарихи таңдауына қайта оралуы тиіс. Бұл үшін ислам дінінің сансыз рухани потенциалын Қазақстанның гүлденуіне жұмсай білуіміз қажет.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста