Жеті айынан тарихты зерттейтін 3 жасар павлодарлық бүлдіршін Галкинді тәнті етті (видео)

Жеті айынан тарихты зерттейтін 3 жасар павлодарлық бүлдіршін Галкинді тәнті етті (видео)

Павлодарлық Макар Щербаков ресейлік "Лучше всех" бағдарламасына қатысып, көпшілікті ерекше қабілетімен тәнті етті. Жеті айынан бастап, тарихты зерттеп келе жатқанын айтқан үш жасар балақай Максим Гакинді таңғалдырған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Павлодар тумасы кішкентайынан жер мен ғаламшардағы тіршіліктің пайда болуына асқан қызығушылық танытқан.

Дарынды баланың анасы танымал бағдарламаға шақырту алу күтпеген тосын сый болғанын айтады. Лилия Ушакова ұлына жеті айынан бастап кітап оқыған. Сол себепті, бүгінде Макар кітаптарды жанындай жақсы көреді.

Оның екі жасына дейін ата-анасы мейрамдарға сыйлық таңдаудан қиналмаған. Өйткені, бүлдіршін үшін кез келген жаңа энциклопедия үлкен сыйға тең болған.

Макарға көбінесе ежелгі дәуір мен жердегі тіршіліктің пайда болуы туралы оқыған. Балақай жаңа мәліметтерді ести сала, бірден әкесіне барып айтып беретін болған. Лилия ұлының ерекше сәтін бейнекамераға таспалап алады.

"Түсірген видеомды тек үш айдан кейін бағдарламаға жібердім. Бізге ертесіне қоңырау шалды. Онымен алдымен Skype арқылы менеджер, кейіннен режиссер сөйлесті. Нәтижесінде, бізді бағдарламаға шақырды" , - деп есіне алды Лилия Ушакова.

Бағдарлама басшылығы павлодарлық отбасыға ұшаққа билет жіберіп, түсірілім уақытында Мәскеуде тұратын пәтерді төлеп берген. Ерлі-зайыптылар ұлының ерекше қабілетін көпшілікке паш етпек болып, Ресейге аттанған.

Айта кетерлігі, түсірілім алдында мүлде дайындық болмаған. Лилияның сөзінше, жоба авторлары үш жасар баланың шынайы эмоциясын көргісі келген.

Бағдарлама барысында бүлдіршін бағдарлама жүргізушісі Максим Галкинге бір сөзді қайталай беретінін бетіне басып, олай айтуға болмайтынын ескерткен. Артынан балақай жерде алғаш пайда болған адамдар мен динозаврлар туралы айта бастаған.

Макардың анасы әлемде талантты адамдар өте көп болғанымен, олардың көбісі өз қабілетін паш етуге асықпайтынын жеткізді.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста