Қазақстандық екі оқушы әлемнің ең үздік ЖОО-ларына түсуге жолдама алды

Қазақстандық екі оқушы әлемнің ең үздік ЖОО-ларына түсуге жолдама алды

Қазақстандық екі өрен әлемнің ең үздік жоғары оқу орындарына түсуге жолдама алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

SAT Reasoning білім сынағына биыл жаһан мемлекеттерінен 1 млн оқушы қатысқан болатын. Солардың арасынан тек, 7 бала айрықша дарындылығымен көзге түсті. Қатарында Әлиби Жеңіс және Рүстем Хасанов есімді отандастарымыз бар.

 

 Болашағынан зор үміт күттіретін жастар АҚШ-тағы жүзден астам университеттің бірін таңдап, құжат тапсыруға дайындалып жатыр.

 

SAT Reasoning емтиханында ең жоғары 1580 балл жинап, сәтті тапсырған ақтаулық Әліби Жеңіс қазір Нұр-Сұлтандағы мектеп-лицейде оқиды.

 

Әліби математика пәні бойынша Қазақстан құрамасының мүшесі, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы. Келешек мұраты &ndash есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету маманы болу. Таяуда өзі секілді білімпаз төрт досымен бірге Telegram желіде «QazMath» парақшасын ашты. Математикаға ден қойған кез келген адам олар шешкен күрделі есептермен бірнеше тілде таныса алады.

 

Әлиби Жеңіс,11-сынып оқушысы:

 

- Ең бірінші есепті салғаннан кейін үш күнде 204 тіркелуші жиналды. Қазіргі таңда оқушылар, мұғалімдер, ғалымдарға дейін сол каналда отырып, бізден үйреніп жатыр. 400-ден астам тіркелушілеріміз бар. Арасында Ресейден, Украинадан, Америка Құрама Штаттарынан да тіркелушілер бар. Университетке түскен соң сондай сайт ашамыз ба деп жүрміз. Ұстазыма, мектебіме, отбасыма барлығына рахмет айтқым келеді.

 

Динара Жұмашева, Ә.Жеңістің анасы:

 

 - Соңғы 2-3 жылда волонтерлік қызмет жөнінде әңгіме айтып, ақылдасып жүргенбіз. Бірақ үнемі Әліби білім саласына қатысты үлкен халықаралық шараларды таңдайды. Өткен жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы АҚШ Елшілігінің ұйымдастыруымен америкалық университеттердің үлкен көрмесі болған болатын. Сол көрмеде көмектесіп, волонтерлік қызмет атқарды. Келушілерге ақпарат беріп және өзі үшін де пайдалы ақпараттарды жинақтады. Бүгінгі таңда Әліби 4 тілді меңгерген.

 

Павлодарлық озат оқушы Рүстем Хасанов та Әлібидің жетістігін қайталап, 1580 балл жинады. Дарынды ер балаларға арналған лицей-интернаттың 11-сынып оқушысы Нью-Йорк университетіне түсуге құжат жинап жүр. Ол бұған дейін информатика пәнінен өткен өңірлік Олимпидаларда үш мәрте алтын, республикалық білім сынағында күміс және қола, Infomatrix Asia және Евразиялық Олимпиадада алтын медаль жеңіп алған. 

 

Рүстем Хасанов, 11-сынып оқушысы:

 

- SAT Reasoning білім сынағының жүру уақыты 3 сағатқа созылды. Шынымды айтсам, демалуға да мұрша болмады. Өте тартысты әрі мазмұнды өтті десем болады. Маған қойылған сұрақ бұрыннан таныс болғаны қуантты. Бұл емтихан Америка Құрама Штаттарында кеңінен танымал. Содан 1580 балл жинаған адам ол жақтағы 114 университеттің кез келгеніне құжат тапсырып, оқуға түсе алады.

 

Ғани Орынбасаров, информатика пәнінің мұғалімі:

 

- Қазіргі пандемия жағдайында қашықтан оқыту жағдайына қарамай үйде, мына анасына көп рахмет. Анасы да бізде ұлағатты ұстаз. Үйде дайындалып, осындай нәтижеге жетіп отыр. Біздің оқушымыздың осындай жетістігіне біз өте қуаныштымыз. Қазір халықаралық Жәутіков Олимпиадасына дайындалып жатыр. Жаратылыстану пәндерінен болады. Рүстем сол информатика бағдарламалау пәнінен қатысады.

 

Айта кетейік, SAT Reasoning емтиханы математикадан бөлек, эссе және мәтінге талдау бөлімдерінен тұрады. Әрқайсында оқушы білімі 200-ден 800 балл аралығында бағаланады. Сынақта үздік нәтиже көрсеткен балаларға АҚШ-тан басқа Азия және Еуропа елдерінің әлемге танымал жоғары оқу орындарының да есігі ашық.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста