Ғылыми жоба тақырыбы: "БАТЫСТЫҚ (НОМАДТЫҚ) КҮБІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ"

Ғылыми жоба тақырыбы: "БАТЫСТЫҚ (НОМАДТЫҚ) КҮБІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ"

Оқушы: Төлеген Абай Қалижанұлы
Жетекшісі: Кәріп Самат Исаұлы;
Ұйым: «№ 58 мектеп гимназия» КМК
Қала: Астана.

Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар. Ол – мұғалім. Мұғалім де диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін де бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіруге тер төгеді.
Мұғалімнің білгірлігі оқушының үлгерімімен ғана өлшенбейді, әртүрлі деңгейде, ауқымда өтетін байқаулардағы жүлделері де мұғалімнің ой өресін байқатады. Әсіресе ғылыми жобалар байқаулары мұғалімнен оқытушылық қасиетінен бөлек, ғылымилықты да қажет етеді. Сондықтан мұндай додалар өзге байқаулардан ішінде күрделілігімен әрі көп ізденумен ерекшеленеді.
Бұл мақалада біз биылғы оқу жылында Астана қаласының № 58 мектеп-гимназияның бес жылдық тарихында республикалық деңгейде тұңғыш рет топ жарған 11-сынып оқушысының ғылыми жобасымен таныстырмақшымыз.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.
Қазақ халқы асты өте жоғары бағалай, қастерлей білген. Қай заманда болсын оны құрметтеу, бағалаудың жолын, дәмді етіп даярлаудың тәртібін, оны сақтаудың шарттарын да білген. Осындай шарттардың бірін ыдыс-аяқтың ерекшелігімен байланыстырған. Демек, тамақты әзірлеу мен сақтау жөнінде өзіндік, халықтық технологиясы болған. Өкінішке орай, халықтың тұрмыс-тіршілігінің күрт өзгеруі көптеген салт-дәстүрлеріміз бен ата-бабамыз қолданған ұлттық ыдыстарын қолдану аясы тарылып, кейбір түрлері ұмытуға айналды.
Ал бұл біздің мәдениетіміздің, ұлттық ерекшелігіміздің ажырамас бір бөлігі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2007 жылдың 13 ақпанында «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысында айтқанындай: «Қай халықтың болмасын өзге жұртқа ұқсамайтын бөлек болмыс-бітімін даралап, өзіндік тағдырын айқындайтын басты белгі – мәдениеті. Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен,  мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады». Олай болса, жас ұрпақтың өз халқының ұлттық ерекшеліктерін біліп, қолөнердің бүгінгі күнгі қажеттіліктерді қанағаттандыра алатын түрлерін жан-жақты негіздеу, қажет тұстарын жетілдіру, даярлаудың нақты технологиялық тізбегін ұсыну аса маңызды. Осы мәселенің айқын көкейкестілігі, бізді ізденіске ынталандырып, зерттеу тақырыбымызды қазақтың ұлттық ыдыс-аяқтарына, соның ішінде байырғы заманнан бері ұлттық сусындарымызға сенімді сауыт рөлін атқарып келген күбіге арнауымызға түрткі болды. Осыған орай зерттеу мақсаты былай анықталды: ұлтымыздың дәстүрлі ыдыстарына талдау жасап, солардың ішінде күбінің табиғи мал сүтін герметикалық, антисептикалық жағдайда ұзақ әрі органолептикалық қасиеттерін бұзбай, ұтымды ашу режімінде сақтауға, оңай тасымалдауға мүмкіндік берген, алайда бүгінде қолданыстан шығып, ұмытыла бастаған үлгісін жасау, оның технологиялық картасын сипаттау, бұйымның аталмыш қасиеттерін тәжірибе негізінде дәлелдеу.
Зерттеу міндеттері:
– қазақтың ұлттық ыдыстары, соның ішінде қымыз, шұбат, т.б. сүт тағамдарын сақтайтын ыдыстарға талдау жасау, олардың бір-бірінен ерекшелігін көрсету;
– осы заманғы талаптарды әбден қанағаттандыра алатын, алайда қолданыстан шығып қалған, еліміздің батыс аумағындағы көшпелі қазақтар пайдаланған күбі нұсқасының бірегейлігін сипаттау;
– аталған күбіні әзірлеудің технологиялық картасын құрып, ондағы әрбір технологиялық кезеңді теориялық мәліметтермен растау.
Қымыз ыдыстарының ендігі бір негізгі түрі – отырықшылық жағдайға бейімделген – күбі. Күбінің ауыз жағы тарлау, түп жағы кеңірек болып келеді. Көбінесе еменнен жасалады. Оның ішін апта сайын жуып, кептіріп, сүр еттің майымен, қойдың құйрығымен майлап тұру керек. Күбіні ыстағанда тобылғы, қылмұрын, қарағай ағаштарымен, қожағай деген шөп тамырының түтінімен ыстайды. Қымыз құйып сақтау үшін темір ыдыстарды пайдаланбау керек.
Күбі піспегінің басы сабаныкі сияқты аршаның қызылынан ойылып, сүйек, күміспен өрнектелсе – өте үйлесіп, көз тартып тұрады.
Күбіге қымыз, шұбат, айран, ашыған көже құйылады. Күбіні тұтас ағаштан үңгіп, немесе арша, емен, талдың жұқа тақтайшаларынан қосып та жасайды. Жеке тақтайшалардан жасалған күбіге түп салып (ол үшін тақтайшалардың іш жағы кертіледі), сыртынан темір құрсаулармен тартылады. Тұтас ағаштан жасалғандарының іші тегіс болуы үшін күйдіріледі. Күбінің сыйымдылығы 20–30 л (кейде 60–70, 100 л), биіктігі 80 см-дей, түп жағы кең, аузы тарлау болады.
Шаң-тозаң түспес үшін, әдемі, дөңгелек қақпақ жасалады. Піспек сабы шығып тұруы үшін қақпақтың төбесін теседі немесе шетіне кертік қалдырады.
Ағаштан күбі сияқты ойып немесе құрастырып кіші ыдыс та жасайды. Оны күршек дейді. Күршекті қыштан да (саздан да) жасайды.
Қымыз еш уақытта темір ыдысқа құйылмайды. Қымыздың бабы пісу мен сапыруға байланысты. Жиі-жиі піскен қымыздың дәмі кіре береді. Ал, пісуі жетпеген қымыз ірімтіктеніп, суы бір бөлек, тұнбасы бір бөлек болып, бұзылып, сапасын жояды. Көбірек пісілсе тіпті күшті деген қымыздың өзі жұмсап, ішуге сүйкімді бола береді. Бал татыған барқыт қымыз осындай баппен дәмді.

XX ғасыр киіз үйінің ішкі көрінісі. Суреттегі күбінің түріне назар аударыңыз

Суреті келтірілген күбі бар дереккөздерде, соның ішінде Қазақстан егемендігі тұсында толықтырылып шығарылып отырған анықтамалық-энциклопедиялық басылымдарда күбінің отырықшылыққа байланысты қолданылған ыдыс ретінде бірыңғай сипатталады десе болады. Күбінің бұл, біздің байқауымызша, классикалық түрі, саба, торсық, меспен бірге дәстүрлі ыдыс-аяқтардың стандартты жиынын құрайды (жоғарыдағы киіз үйдің ішкі көрінісін қараңыз).
Батыстық күбінің қолданыстағы күбінің «классикалық» түрінен негізгі ерекшелігі – бұл көшпенділердің саба, торсық, местен кейінгі сол өмірге ыңғайлы етіп ойлап тапқан, ғасырлар тезінен өткен соңғы үлгісі. Батыс Қазақстанның Атырау облысының Нарынқұм жағындағы жері егіншілікпен айналысуға ауа-райы жағынан қолайсыз, негізінен мал шаруашылығына негізделген. Жайылымы мен қыстағының аралары қашық, кеңестік кезеңде бұл өңір қой, түйе, жылқы малдарын өсірумен айналысты. Бертін келе 60–70 жылдары жалпы отырықшылыққа бет алған кезеңде халық қала, аудан орталығына қарай ауысып қоныстанды да, бұл елді-мекенде қазіргі күні адамдар аз қоныстанған. Біздің осы зерттеуімізге түрткі болған, сондай-ақ мәлімет ұсынған осы өңірдің тумалары. Сондықтан біз күбінің атауын шартты түрде батыстық немесе номадтық (көшпелі елге тән) нұсқадағы күбі деп алдық.
Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жасқайрат Ауылының тумасы, журналист, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, «Батыс Қазақстан», «Солтүстік Қазақстан», «Жетісу», «Отырар» және т.б. энциклопедиялардың шығармашылық тобының жетекшісі, «Астана ақшамы» газетінің әдеби редакторы Мақсот Үзімұлы бізге берген сұхбаты кезінде салған күбі суреті

Аталмыш өңірде көшіп-қонуға түйе пайдаланған, түйеге көшу үшін киізден қом жасап, соған күбіні тығып, коя салатын. Мұндай күбіге құйылған қымыз, шұбат жолшыбай шайқалып өзінің бабына келіп тұратын. Күбіден сұйықтық төгілмейді, ол герметикалық, ал ондағы сусын ашып, бұзылмайды. Өйткені, оны мезгіл-мезгіл тобылғымен ыстайтындықтан антисептикалық қасиеті болады.
Бабаларымыз пайдаланған осындай маңызы мен мәні бар күбінің түрі қазіргі тұрмыс-тіршілік жағдайында да кәдеге жарайтынына сенімдіміз. Бұған бүгінде экологиялық таза, ұлттық нақышы бар, бренд бола алатын бұйымдарға қажеттілік сеп бола алады деп ойлаймыз. Сонымен бірге қымыз, шұбат жасайтын қазіргі кезде шаруа-қожалықтар баршылық, оларлың бұл өнімдеріне деген сұраныс та жылдан-жылға көбеюде. Алайда алынған сүт өнімдерін мұздатқышқа қойып, өзінің бабына келтірмей ішу, біріншіден, тағамның тағамдық құндылығын түсіріп жібереді, екіншіден, жолға алып жүру әдетте мүмкін болмайды. Бұл сусындар қышқылдық қасиеттеріне орай жолда атылып-төгіліп қалып жатады. Міне, осындай жағымсыз жағдайды болдырмайтын, халықтың тәжірибесінен алынған, уақыт тезінен өткен, ыңғайлы, экологиялық таза, ұлттық ыдысымыз – күбі бізге көп көмегін тигізетініне біздің күмәніміз жоқ.
Күбінің батыстық (номадтық) нұсқасын шайқар кезде қоятын киізден жасалған төсеніші болады. Шайқап болған соң домалап кетпеуі үшін қоя салатын тіреуі қарастырылады. Осы сияқты сипаттамалары бар ыдысты біз зерттеуіміздің 2-кезеңінде жасап, сынақтан өткіздік. Енді оны көпшілік назарын ұсынып отырмыз.
Бұл күбінің әдеттегідей ерекшелігі, оның тасымалдауға ыңғайлы горизонталды пішіні ғана емес, оның піспегі болмайтындықтан онымен май піспейді. Ал шайқалуы домалатып қозғау арқылы жүзеге асады. Шайқау көп жұмсауды қажет етпейтіндіктен, оны ересек адамға ғана емес, кішкене балаға да тапсыруға болады.
Біздің пікірімізше, күбі жөнінде әдебиеттерде деректердің кездеспеуі оның «классикалық» күбіден гөрі көнелеуін білдірмейді. Керісінше, көшпенді тұрмыс салтында ол кәдімгі күбіден жетік нұсқасы болып табылады. Ал, мұндай ыдысқа зерттеулердің іске асырыла қоймағаны батыс қазақтарының дәстүрлі тұрмысын әлі де зерттеу қажеттілігін көрсетеді.
Күбінің батыстық нұсқасын жасау технологиясы кәдімгі күбіге ұқсас келеді. Бұл бұйымды жасады біз үйреншікті технологиялық нұсқау картасының жобасына салып төменде сипаттап сыздық. Бұл картаның өзін көрсетпестен бұрын, онда көрсетілген жұмыс барысының 8 кезеңіне біршама мәтінді және суретті түсінік берелік.
1. Біз күбіні тұтас ағаштан емес, қайыңның жұқа тақтайшаларынан қосып жасау әдісін таңдадық. Ағаштардың ішінен қайың таңдауымыздың себебі мынада. Қайың сүрегі біркелкі, қатты ағаш. Қайыңнан жасалған бұйым әдемілігімен, беріктілігімен ұтымды. Ол ыстық күнге қаңсымайды, ыстық-суыққа төзімді болады. Бұл қасиеттері қайыңды әмбебап етіп, оны музыкалық аспаптардың қабын, жиһаз, ыдыс-аяқ, т.б. заттарды жасауға керемет шикізат ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар халық шеберлерінің қымыз ішетін тостағанды қайыңнан ойып жасағанды жөн көргендігі жайлы мәлімет бар (Ә. Тәжімұратов).
2. Күбінің бұл түрінің горизонталды болуына байланысты екі бүйірі болады. Бұйымның бұл бөлшектері бірінші болып дайындалады, өйткені онымен ыдыстың ішкі диаметрі анықталады. Бұл өлшемдер және мұнда қолданылатын құрал-жадбықтар технологиялық картада көрсетілген.
3. Бұдан кейін екі бүйірімен және бір-бірімен байланысатын тақтайшалар белгіленген өлшемдерге сай кесіліп дайындалады.
4. Дайын болған тақтайшалар бір-біріне және бүйір тақтайларға кірігуі үшін, олардың іш жағы кертіледі.
5. Бір-бірімен құрастырылуға дайын бөлшектер біріне кіріктіреміз.
6. Күбінің сырқы бетін зімпарамен қажау, болғаннан соң оны металл сақинамен тарту.
7. Күбі тіреуінің жасалуы.
8. Күбі тығынын жасау.

Көз көргендердің нұсқауымен жасалған батыстық (номадтық) нұсқадағы күбі

Енді көрсетілген жұмыс кезеңдерінің егжей-тегжейлі мәліметтерін технология тіліндегі нұсқау-картадан көрейік.

Технологиялық картада операциялар зімпара, қол сүргімен және т.б. құрал-саймандармен жүзеге асатын тазалау, сүргілеу, әрлеу, сондай-ақ ыстау жұмыстарына жалғасады. Бұл жұмыстар әдебиетте көрсетілетін әдеттегі алгоритммен іске асады.
Күбінің батыстық нұсқасын дайындауда тиісті қауіпсіздік ережелері сақталды.

БАТЫСТЫҚ НҰСҚАДАҒЫ КҮБІНІҢ ТӘЖІРИБЕЛІ ҮЛГІСІН СЫНАҚТАН ӨТКІЗУ

Дайын күбіге алдымен таза су толтырылды. Ыдыстың герметикалығы тексеріліп, сұйықтықтың әсерімен сауыттың ішкі қабырғалары кірігіп, тұтасты. Біз әзірлеген батыстық нұсқадағы күбінің сыйымдылығы алдын ала жобалағандай 6 л болды.
Күбі іші тобылғы өсімдігінің түтінімен ысталып, оның ішкі беті зарарсыздандырылып, антисептикалық қасиетке ие болды. Ыдыс ыстала сала оның аузы тұздалған суға иленген қамырмен бекітіліп қойылады. Бұл шара да оның герметикалы әрі зарарсыз болуына жәрдемдеседі.
Осындай дайындық жұмыстарынан кейін күбі ішіне қымыз құйылады да 10–15 мин. шайқап, сусынның бабына келгендігі тексеріледі. Жалпы, одан да ұзақ уақыттың, болжамға сай 15 тәулікке дейін, қымыздың органолептикалық қасиеттерінің бұзылмайтындығы жайлы да мәлімет бар. Мұнда ескеретін жайт, сусын сол күйінде қалдырылмай, мезгіл-мезгіл ашылып, шайқалып, толтырылып отырады. Осындай ыдыс қымыз, шұбат сынды сусындарды өзімен бірге, көліктің кез келген түрімен алып жүргенге ыңғайлы.

ҚОРЫТЫНДЫ
Жұмыстың негізгі нәтижелері деп қорғауға ұсынылған мына әзірлемелерді айтса болады:
1) күбінің батыстың (номадтық) нұсқасын әзірлеудің технологиялық кезеңдерінің теориялық негіздемесі;
2) күбінің батыстың (номадтық) нұсқасын әзірлеудің технологиялық нұсқау картасы.
Бұл әзірлемелердің негізінде төмендегідей тұжырымдар қорытылды:
1. Қазақтың ұлттық сусындары, мәселен, қымыз ерте заманнан бері белгілі организмге пайдалылығы, көптеген ауруларға ем екендігі, шипажайларда XIX ғасырлардан бастап емдік қасиеттерінің науқастарды емдеу үшін пайдаланылғандығы деректер арқылы расталды. Қымыздың органолептикалық қасиеттерінің сақталып, керекті қалыпқа жетуі оны сақтайтын ыдыстарға тікелей тәуелді екендігі көрсетілді.
Әдебиеттерге жасалған талдау қазақ халқының ұлттық сусындарын тері мен ағаштан жасалған ыдыс-аяқтарда сақтап-баптағандығын көрсетті. Осы ыдыстардың ішінде күбінің «классикалық» деп көрсеткен отырықшылыққа бейімделгеннен кейін пайда болған түрі ретінде сипаттайды.
Қазақ жерінің ұлан-байтақтығы оның ауа-райының әртүрлілігі ондағы тыныс-тіршіліктің де әртүрлі болғандығымен ерекшеленеді. ХХ ғасырдың 2-жартысына дейін көшпенді жағдайда өмір сүрген батыс бөлігінде (Атырау облысы, Нарын құмы) күбінің біз «батыстық» немесе номадтық деп атаған басқа бір түрінің болғандығын, оның ұлттық ыдыс-аяқтардың саба, мес, торсықтан кейінгі соны үлгісі екеніне дәлел келтірдік.
2. Өзіміз сипаттаған герметикалық, антисептикалық қасиеттерге ие күбінің бұл түрінің үлгісін көз көргендердің нұсқауымен жасап, оның үлгісін жасаудың технологиялық нұсқау картасын ұсынып, соңғы өнімімен таныстырып, қажетті сынақтан өткіздік.
Күбінің батыстық (номадтық) нұсқасының қаламына ілініп, ұлттық қолөнер туындыларының қатарына кіріп, күнделікті тұрмыста, қоғамдық тамақтану, саяхат пен демалыс салаларында өзінің лайықты орнын алып барып ұлттық ыдыстың түріне айналады деген сенімдеміз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста