«Ғасырдан ғасырға» жобасы ұлтжандылыққа тәрбилеуді көздейді

«Ғасырдан ғасырға» жобасы ұлтжандылыққа тәрбилеуді көздейді

Астана қалалық Білім басқармасы жанындағы «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында «Ғасырдан ғасырға» интелектуалдық конкурсын өткізді. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан қалалық сайыс оқушыларды отансүйгіштікке, ұлттық құндылықтарымызды құрметтеуге бағыталған. Қала бойынша барлық мектептерден іріктелген 8-10 сынып оқушыларынан құраған топтар арасында интелектуалдық сайытың қортынды кезеңіне онға тарта құрамаға ғана іріктеліп шығып отыр. Жарыстың шарты бойынша бірінші айналым «Тұсаукесер» деп аталады. Мұнда оқушылар қазақ хандығының тарихынан сыр шертетін сахналық көріністер қоюы тиіс. Екінші айналымда викториналық сұрақтарға жауап беріп, білім деңгейін сараптайды. Үшінші айналымдағы «Сиқырлы сандық» деп аталатын сын ең қиыны кезең. Мұнда оқушылар сипаттама арқылы жасырылған затты анықтауы тиіс. Бұл жерде оқушының суреткерлік қырымен тіл байлығы да таразыланады.
«Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырып отырған бұл сынды Астана қалалық білім мен тілдерді дамыту басқармалары, Ішкі саясат басқармасы, ҚР Тұңғыш президент мұражайының өкілдері арнайы түрде қазылық етіп, оқуышылардың тарихи біліміне баға берді. Сайыс қортындысы бойынша Астанадағы 64 мектеп оқушылары бірінші орынды иеленсе, 2-орын №38 мектеп-лицейінің қанжығасына байланды. Ал жүлделі 3-орынды №54 мектеп-лицейі мен №4, №6 мектеп-гимназиялары тұрақтады. Сонымен қатар, көрерменге нанымды қойылым ұсынған №40, 68, 72 мектеп командаларына грамоталар салтанатты жағдайда табысталды.


Эльмира СУХАНБЕРДИЕВА, Астана қалалық білім басқармасының басшысы:
«Ғасырдан ғасырға» конкурсы жылдан жылға өткізіліп келе жатқан шара. Бұған Астана мектептерінің оқушылары белсене ат салысатындықтан маңызды сайыстың бірі саналады. Балалар үшін сайыста білім жағынан ғана емес, өнер жағынан да көрінуге мүмкіндік бар. Осы сайысқа іріктелген құрамалардың қай-қайсысы болмасын осал емес. Ұсынған қойылымдарына қарап отырып, қазақ тарихын терең білетіне, оны сезініп, батыр бабалардың өшпес ерлігін жас көрермендер мен ұстаздарға көрсете алды. Биыл Қазақ хандығының 550 жылдығы атап өтілетіні белгілі. Осы орайда шараның аталған тақырыпты айналып өтпей, оқушыларды патриоттық пен отанға деген құрметке тәрбиелеу көзделген.


Қуаныш ЖӘШКЕЕВ, №38 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы:

Абылайға Қытай елінің елшілері келген кезде оларды қалай қарсы алғаны туралы тарихи сәтте қалай қарсы алып, оларға берген жауабын қойылым ретінде ұсындық. Осындай тарихи сайыстарды өткізіп, оған оқушыларды қатысты біздер үшін пайдалы әрі аса қажет. Себебі, қазақ тарихын білумен қатар оны терең түсіну әрбір қазақ баласының міндеті болып қала бермек. Сайыстің қазақ тарихына байланысты болғанына шын жүректен қуаныштымын. Сондықтан оған белсенді түрде ат салыстым.

Майра ЖАНОРАЗҚЫЗЫ, Астана қалалық «Дарын» орталығының директоры:
Болашағымыз оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында осы шараны қолға алып отырмыз. Осымен төртінші жыл қатарынан өтіп отырған қалалық сайыс жылда түрлі тақырыптарды қамтиды. Биыл қазақ хандығына550 жылдығы болғандықтан осы тақырыпқа тоқталдық. Сонымен қатар, Ілияс Есенберлиннің 100 жылдығын атап өту де қоса қамтылып отыр. Себебі, заңғар жазушы қазақ тарихын қаузап, өшпес шығармалар қалдырды. Осыны оқушылар оқып қана қоймай оның тереңіне бойлауы тиіс. Біздер осыған ұйытқы бола отырып, түрлі көріністер, викториналық сайыстар бойынша олардың тарихи қарым-қабілетін байқап, қызығушылығын арттыруды көздеп отырмыз. Біздің «Ғасырдан ғасырға» сайысы әзірге Астана қаласымен шектеліп отыр. Болашақта оның аумағын үлкейтін, аймақтық сайысқа айналдыру ойда бар.

Жұлдыз БАЛҒАБАЙҚЫЗЫ, Әлкей Марғұлан атындағы № 40 орта мектебі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары:

Астана қаласының «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының дәстүрлі түрде өткізетін мұндай сайыстың берері мол. Зияткерлік сайыс оқушылардың білімі мен өнерін қоса бағалайтын бірегей іс-шара. Оқушылар тарихи-әдеби қойылым саханалап, сұрақ-жауап кезеңінен өтеді. Берілген жағдаят пен тапсырманы орындап, білімін көрсетпек. Осылайша жүйріктен озғандар жеңіске жетеді. Атынан белгілі болып тұрғандай ғасырдан ғасырға ұласқан ұлы қазақтың мәдениетінен, тарихынан, әдебиетінен сыр шертетін шара ғұмырлы болатына сенімдімін.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста