Есенберлиннің 100 жылдығына арналған конференция өтті

Есенберлиннің 100 жылдығына арналған конференция өтті
Астанада белгілі жазушы Ілияс Есенберлиннің 100-жылдық мерейтойы аясында "Қаламгер. Тұлға. Кемелденген адам" атты ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты - қазақ әдебиетінің тарихында бүгінге дейін ең көп роман жазған жазушы Ілияс Есенберлиннің әдеби мұрасымен таныстыру, оны кеңінен насихаттау, жас ұрпақты әдебиет әлемнің рухани мол қазынасынан нәр ала білуге баулу, жастардың сөйлеу мәдениетін дамыту. Конференция ұйымдастырушылары қазақ халқының тарихы мен тұрмысын көркем тілмен жеткізе білген І.Есенберлиннің тарихи шығармалары арқылы жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, əлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік жəне көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі ретінде белгіледі. Осыған орай, мәжілісті Астана қаласының № 67 мектеп-гимназиясында өткізу ұйғарылды. Оған 8-11-сынып оқушылары, сондай-ақ білім беру мекемелерінің басшылары мен ұстаздары қатысты. Шара барысында әдебиеттану кабинетінің тұсаукесері де жасалды. Айта кеткен жөн, конференция жұмысына І. Есенберлиннің немересі Мағжан Қозыкөрпешұлы Есенберлин, Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, ҚР Мемлекет тарихы институтының ғалымдары, Атбасар мен Көкшетау қалалары мұражайларының қызметкерлері, мәдениет саласының қайраткерлері қатысып, сөз сөйледі. Пленарлық мәжілісте жазушының өмірбаяны мен шығармашылығын зерттеу, сонымен қатар Ілияс Есенберлин мұрасын сақтау мәселелері талқыға салынды. Конференцияның ұйымдастырушылары - Астана қаласының Білім басқармасы мен «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы.
Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста