Атыраулық Нұрсипат Нұрманбетова әлемнің 15 университетінен шақырту алған

Атыраулық Нұрсипат Нұрманбетова әлемнің 15 университетінен шақырту алған

Атырау облысы Жылыой ауданының тумасы, болашақ нейрохирург Нұрсипат Нұрманбетова әлемдегі ең үздік университеттердің бірінде оқиды. Ол әлемнің 15 университетінен шақырту алған. Қазір АҚШ-тың Нью-Йорк штатындағы әлем бойынша ең үздік 10 жоғары оқу орнының қатарына кіретін Пейс университетінің нейрохирургия медицина факультетінде оқиды. Нұрсипатқа кампуста тегін тұруға арналған грант және 150 000 $ стипендия тағайындалған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Atpress.kz тілшісі Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазды.

Нұрсипат Абайқызы 2005 жылы 23 маусымда дүниеге келген. Жылыой ауданы Далабай Жазықбаев атындағы № 16 жалпы орта білім беретін мектептің түлегі.

 

Оқушы кезінен көзге түскен Нұрсипат туралы «Ең үздік» журналында мақала жарияланып, «Дарындының дара жолы» кітабында өмірбаяндық деректері жазылған.

 

Сонымен қатар, Нұрсипат БҰҰ Model Congress халықаралық конференциясына қатысып, «ХХІ ғасыр үздігінің моделі» атанды.

 

- Бүгінде әлеуметтік желілерде отандық медицина жиі сынға алынады. Әрине, еліміздегі медицина мәселелері әлі де өзекті, білікті мамандар тапшы. Бірақ барлығы дұрысталады деп ойлаймын. Сондықтан болашақ мамандық ретінде осы саланы таңдадым. Мен жақсы білім мен тәжірибе алу үшін шетелде оқуға шешім қабылдадым. Оқуым аяқталғасын туған жеріме ораламын. Болашақта жеке клиника ашып, дұрыс диагноз қоя алатын, сапалы ем жүргізе алатын білікті маман болғым келеді, – дейді Нұрсипат.

 

Нұрсипат шетелде алған білімі мен тәжірибесін туған жерге келіп жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста