Ақтөбелік оқушылар 4 млн теңге сыйақыға ие болды

Ақтөбелік оқушылар 4 млн теңге сыйақыға ие болды

Samsung компаниясының “Solve for tomorrow” жарысына қатысқан Ақтөбе қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушылары Нұршат Жұбаныш пен Әсет Үбниязов 4 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйақыға ие болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Жобаға қатысушы Әсет Үбниязовтың айтуынша, олар жарыста өзінің Nuret жобасын таныстырған. Жас ғалымдар шахтадағы газдың мөлшерін анықтайтын өз өнертабыстарын көпшілікке ұсыныпты. Аталған өнертабыс метан мен сутекті талдау арқылы шахталардағы жарылыс қаупін азайтуға көмектеседі.

 

Бұл жобаны жүзеге асыруға осыдан екі жыл бұрынғы Хромтау қаласындағы шахтада болған жарылыс түрткі болды. Қайғылы оғиғадан соң біз шахталарда метан, сутегі газдарының бөлінуінен жарылыстар болатынын анықтадық. Сондықтан осы жобаны ойлап таптық. Жоба ауадағы газ концентратциясын анықтап, мобильді қосымша арқылы оның көлемін көрсететін болады, – дейді Әсет.

 

Оқушылардың бұл үздік жобасы болашақта адам денсаулығын сақтап, экологияны қорғауға үлес қоспақ. Ал Samsung Electronics Central Eurasia мұндай бастамаларға әрдайым қолдау көрсетеді. Осыған байланысты оқушылардың аталған жобасы үздік деп танылыпты.

 

Жарысқа қатысарда бірінші орын аламыз деп күтпедік. Бірнеше ай жұмыстанған жобамызға мықты мамандар жоғары баға берді. Бұл байқауда ең бастысы біз өзге қатысушылармен танысып, ой алмастық, жобаларға арналған басқа тың идеялар алып, жаңа тәжірибе жинақтадық, – дейді Нұршат Жұбаныш.

 

Оның айтуынша, бұл жолы ол осы оқу орнының білім алушысы Азамат Қалдашев екеуі ұсынғантағы бір жоба үздік он жобаның қатарына енген. Олар Flood Control бақылау жүйесін ойлап тапқан. Бұл жүйе аймақтағы су тасқыны туралы алдын ала ескертеді. Оқушылар бұл өнертабысы үшін байқауда 300 мың теңгенің арнайы сертификатын иеленіпті.

 

Сонымен аталған мектептің оқушылары жаңа оқу жылында Samsung Electronics Корпоративтік Президенті Ин Йонг Риден марапат алып, жеңістерін тойлап жатыр.

 

Айта кету керек, аталған байқауға еліміздің 800-ден астам оқушысы қатысқан.  Олар Samsung компаниясы өткізген стартап байқауында өздерінің IT саласындағы креативті және заманауи ерекше жобаларын ұсынды.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста