Сүт безі қатерлі ісігінің (рак) алдын алу жолдары қандай? - Маман кеңесі

Сүт безі қатерлі ісігінің (рак) алдын алу жолдары қандай? - Маман кеңесі

Сүт безінің қатерлі ісігі - бүкіл әлем бойынша және Қазақстанда әйелдер арасында ең көп таралған қатерлі ісік түрі. Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығының мәліметінше, 13 пен 90 жас аралығындағы 100 000 әйелге шаққанда 99,4  жағдай кездеседі. Қазақстанда жыл сайын сүт безі қатерлі ісігінің 5 мыңға жуық жаңа жағдайы анықталады. Қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім құрылымында сүт безі қатерлі ісігі 3-орында және жыл сайын шамамен 1200 әйелдің өмірін қияды.


Сүт безінің аурулары бүкіл әлемде әйелдер үшін басты проблема болып қала береді. Дегенмен дәрігер-онкогинеколог, онкомаммолог Дидар Аятханның айтуынша, алдын алу, ерте диагностикалау және емдеудің заманауи әдістерінің арқасында әйелдің өмірін сақтап қалу және аурудан соң толық қалпына келтіру мүмкіндігі айтарлықтай артады.

"Ең ескеретін жайт - сүт безінің қатерлі ісіктері ешқашан ауырмайды. Сол үшін әйел ауруын білмей жүре беруі мүмкін. Мәселен сүт безінің қатерлі аурулары егер теріге жақын орналасса, 1-1,5 см-ден асатын болса ғана түйін ретінде сезілуі мүмкін. Немесе ол теріні ішке қарай тартып өсіреді, сол кезде теріде өзгеріс болуы мүмкін. Ал басқа жағдайда оны анықтау өте қиын. Оны тек дәрігер маммография, ультрадыбыстық зерттеудің арқасында  ғана анықтап біле алады. Елімізде 40-70 жас арасындағы әйелдерге тегін скрининг жасауға арналған бағдарлама бар. Осы бағдарлама арқылы әрбір әйел әр 2 жыл сайын сүт безінің скринингінен өтіп отырса біз кішкентай түйіндерді анықтап, ерте уақыттан емдеу арқылы әйелдерді сауықтыра аламыз", - дейді Дидар Аятхан.


Алдын алу шаралары сүт безі ауруларының қаупін азайтуда маңызды рөл атқарады. Үнемі өзін-өзі тексеру, салауатты өмір салты, қалыпты физикалық белсенділік, дұрыс тамақтану, темекіден және алкогольді шамадан тыс тұтынудан аулақ болу бұл аурулардың алдын алуға көмектеседі. Және сондай-ақ ең маңызды факторлардың бірі - адамның психикалық жай-күйінің қалыпты болуы.

"Денедегі туындаған аурулар адамның психологиясымен тікелей байланысты. Мұны әдетте психосоматика деп атайды. Салдарынан сүт безінің қатерлі және қатерсіз ауруларына тап болады. Мысалы сүт безінің өзі тек сүт беруді білетін дене мүшесі.  Әйел адам тек сүт беріп, өзіне ешнәрсе ала-алмағандықтан оның бойында өкпе-реніш пайда болады. Эмоциялар жиналып, сүт безінде түзілулер болады.  


Әйел адам өз бойындағы нәзіктік, жұмсақтық сынды әйелдік белгілерінен айырылып қалғанда да сүт безі сынды ауруларға бейім болады. Өйткені тағдырдың тәлкегімен әйел адамдар ер-азаматттардың жұмысын істеп кетуге мәжбүр болады. Психологиялық тұрғыдан әр әйел адам өз табиғатын, болмысын танығаны жөн. Және бала кезден түрлі психологиялық кезеңдерді өткізеді, санасына дұрыс емес қағидаттарды енгізіп алуы мүмкін. Сол үшін өзімен жұмыс істеп, физикалық-психологиялық тұрғыдан ешкімге тәуелді болмауға ұмтылуы керек. Сонда мұндай ауруларға душар болмайды.


Егер ісік ерте кезеңдерінде анықталса, онкологиялық науқастардың 95% -ында емдеу сәтті жүзеге асады. 

Сүт безі ерте анықталған жағдайда, яғни 1-деңгей кезінде анықталса әйелдің өмір сүру ұзақтығы әлдеқайда ұзақ болады. Егер одан да жоғары деңгейде анықталса, сәйкесінше өмір сүру ұзақтығы да қысқара береді. Бірақ бұл жерде ісіктің табиғаты да рөл ойнайды. Кейде кіп-кішкентай ісік, 1-деңгейде болса да табиғаты өте залалды, агрессивті болса әйелдердің де өмір сүру ұзақтығын азайтады. Кей ісіктер үлкен, 2 немесе 3-деңгейлі болса да, даму табиғаты, өсу процесі агрессивті емес болып келеді. Бұл жағдайда әйелдің де өмір сүру ұзақтығы артады. Сондықтан ісіктің көлемінен бұрын оның табиғатына қарап есептеп, анықтаймыз. Дей тұрғанмен емдеу үшін тек физикалық емес, психикалық тұрғыдан да ем жүргізетін болса, әйел адам өткен реніштерін еске түсіріп, психикалық мәселелерімен жүмыс істейтін болса нәтижесі де бірден көрінеді.

Сондай-ақ сүт безі ауруларының басқа ауру түрлерімен байланысы да болады. Сондықтан білікті мамандарға қаралудың маңызы зор.

Менің 20 жылға жуық тәжірибеме сүйенетін болсам, әйелдің гинекологиялық, сүт безі ауруларын бір-біріне тікелей қатысты деп қарастыра аламыз. Өйткені, гинекологиялық аурулар сүт безінің пайда болуына да себепші болады. Сүт безі ауруларының пайда болуына түрлі факторлар бар. 1980 жылдан бері сүт безі қатерлі ісігі ең жиі кездесетін аурулардың ішінде 1-орында келе жатыр. Ресейде сүт безінің қатерсіз ісігімен гинекологтар айналысады. Бізде маммологтар айналысады. Дегенмен маммологтардың гинекологиялық білімі болмағандықтан, бұл ауруды толық аша алмайды. Бұл ауруды толық анықтап білу үшін әрбір маммолог дәрігер гинекология, терапия, эндокринология саласын жақсы меңгеруі керек. Өйткені бұл сондай көп аурулардың себебінен пайда болуы мүмкін болғандықтан кейін әрбір маммолог жан-жақты білімді болуы керек. 
 Сүт безі ауруларының алдын-алу үшін жан-жақты, жиі тексеріліп тұру керек. Әсіресе қалқанша безі, гинкологиялық аурулар, өт жолының аурулары сынды ауру түрлері сүт безі ауруларына себепші болады. 
Сүт безі ауруларын емдеудің маңызды бөлігі науқасқа қолдау көрсету және емдеуден кейінгі оңалту кезеңінде қолайлы жағдай жасау.

"Егер әйел адам менде қатерлі ісік (рак) ауруы бар, мен енді "өліп қаламын" дейтін болса, онда өзін-өзі өлтіру программасы іске қосылып, әйелдің ерте қайтыс болуына себеп болады. Ал әйелде балаларымды, немерелерімді жеткіземін дейтін белгілі бір позитивті мақсат болатын болса, дұрыс емделетін болса, онда аурудан айығу де, ол аурудың қайттан қайталанбау ықтималдылығы өте жоғары. Ал егер өзін құрбан секілді көрсетіп,  психикалық күйі басқа адамдарға тәуелді болып, негативпен жүретін болса ол оның иммундлық жүйесіне де тікелей әсер етеді. Иммундық жүйенің төмендеуі - қатерлі ісіктің (рак) пайда болуы, ушығуы, қайталануы секілді күрделі жағдайлардың негізгі себептерінің бірі. 


Қатерлі ісіктен басқа да сүт бездерінде кездесетін ауру түрлері аз емес. Сүт безі ауруларының даму қаупін азайту үшін салауатты өмір салтын ұстану, сүт бездерін үнемі тексеріп отыру және гормондық терапияны ұзақ уақыт қолданудан аулақ болу ұсынылады. 

bugin.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста