Сағыз «пломбаны» бүлдіре ме?

Сағыздың «пломбаға» зияны бары рас. Дегенмен оны аса жиі пайдаланса ғана. Яғни сағыс тамақтан соң тіс тазалауға, ауыз шаюға мүмкіндік болмаған жағдайда ас қалдықтарынан тазарту және ауыздан шығатын демді жаңарту жасап шығарылған деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Оны тамақтан соң 5 минуттай шайнау керек, сағаттап шайнап жүре беруге болмайды.


Жалпы, «пломбаны», егер ол дұрыс салынбаған болса, шеттері әлсіз болса, кез келген нәрсе бүлдіре алады. Мысалы, ирис сияқты жабысқақ кәмпиттер зиян. Ал «пломба» сапалы салынған болса, оған сағыз да, жабысқақ кәмпит те қауіпті емес.


«Жвачканы» сағаттап шайнамаса, ол тіс эмаліне де қауіпсіз. Оның құрамындағы қант (қантты алмастырушы зат) сілекей бөлінуіне әсер етеді. Ал сілекейде эмальды қалпына келтіретін минералдық заттар көп.


Мына кеңестерді есте ұстаңыз: иммунитет төмендеуі, дұрыс тамақтанбау, созылмалы стрестің тіске зияны бар. Мысалы, ревматизм, бүйрек ауруы, диабет кезінде тіс тез бұзылады. Ал бүлінген тісті созылмалы инфекция көзі деуге болады. Оның кесірінен адам жүрек және тамыр ауруларына ұшырауы мүмкін. Тіс «тасындағы» бактериялар пневмонияға себеп бола алады.


Мына жай да есіңізде жүрсін: фосфат-цемент «пломбаның» жарамдылық мерзімі – 1 жыл, ал композитті материалдан жасалғаны 5 жылға есептелген. Керамикалықтары желінбейді, 10 жылға дейін шыдайды. Амальгамнан жасалғандарының жарамдылық мерзімі – 10 жыл, бірақ олар 50-60 жылға дейін жарай береді.


«Ауырмаңыз!» газетінен.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста