Қорылдан қалай құтылуға болады?

Қорылдан қалай құтылуға болады?

Қорылдау – кең таралған мәселе. Ұйықтап жатқанда қорылдайтын адам айналасындағыларды жайсыз жағдайға душар етіп қана қоймай, өзінің денсаулығында кінәрат барын білмеуі де мүмкін. Статистика бойынша, жер бетіндегі ер-азаматтардың 40 пайызы, ал әйел адамдардың 30 пайызы қорылдайды екен. Ал олардың басым бөлігі бұл әдеттен арылу үшін ештеңе істемейді. Осы орайда, Тurkystan.kz қорылдан құтылуға көмектесетін бірнеше әдісті назарыңызға ұсынады.

Ең алдымен «Адам не үшін қорылдайды?» деген сұраққа жауап берейік. Оның бірнеше себебі бар. Атап айтсақ, тыныс алу жолдарындағы патология, аденоидтар мен бездердің ұлғаюы, шылым шегіп, алкоголь ішу, мұрын септумының қисаюы, артық салмақ пен эндокриндік аурулар, қартаю, тыныс алу ағзаларының ісінуі, тұмау және т.б.

Қорылдан құтылуға көмектесетін әдістер:

Егер сізде артық салмақ болса, салмағыңызды азайтыңыз. Артық салмақ тыныс алу жолдарының бітелуіне әкелуі мүмкін.

Алкогольден аулақ болыңыз. Өйткені ол бұлшық ет тонусын төмендетеді.

Темекіні тастаңыз. Темекі шегу тыныс алу жолдарының инфильтрациясына әкеледі.

Ұйықтар алдында тамақ пен сусын ішуден аулақ болыңыз. Себебі бұл көмейді босаңсытып, қорылдың даусын күшейтуі мүмкін.

Бір қырыңызбен ұйықтаңыз. Шалқадан жатып ұйықтау тыныс алу жолдарының жабылуына ықпал етуі мүмкін.

Мұрынға арналған патчтарды немесе мұрын тесіктерін ашық ұстауға көмектесетін құрылғыларды қолданыңыз. Бұл ауа ағынын жақсартып, қорылды азайтуы мүмкін.

Егер бұл шаралардан кейін де қорылдауды қоймасаңыз, дәрігерге қаралғаныңыз жөн.

Тurkystan.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста