Эндокринолог қан тамырларын нығайтуға арналған өнімдерді атады

Эндокринолог қан тамырларын нығайтуға арналған өнімдерді атады

Эндокринолог-дәрігер Елена Зяблова рациондағы "зиянды" холестерин деңгейін жоғарылататын тағамдардың мөлшерін азайтып, оларды пайдалы тағамдармен алмастыру арқылы қан тамырларын нығайтуға болатындығын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Газета.ру басылымына сілтеме жасап. 

Дәрігердің айтуынша, қан тамырлары берік және серпімді қасиетін сақтауы үшін холестерині көп, жануарлардың етінен жасалған майлы тағамдар мөлшерін азайтып, жүрек-қан тамыры жүйесіне пайдалы тағамдарды жеу маңызды. Қан тамырын нығайтуға пайдасын тигізетін өнімдерге құрамында С дәрумені бар тағамдар жатады. Мәселен, қымыздық, бұршақ тұқымдастар және жидектер, соның ішінде мұздатылған жидектер де дәруменін жоғалтпайды, яғни мүкжидек, итбүлдірген, бүрген, қаражидек, таңқурай, бүлдірген және т.б. Жидектер жүректің жұмысына жақсы әсер етеді. Құрамында өзек көп болғандықтан қоректік қасиеті жоғары қарақұмық та пайдалы, ол холестерин деңгейін төмендетеді, дейді дәрігер. "Балықтың құрамында жүрекке, қан тамырларына және сүйек тініне пайдалы омега-3 бар. Сондай-ақ, авокадоға назар аудару керек, өйткені ол "зиянды" холестериннің пайда болу қаупін азайтып, жүрек-қан тамыры жүйесіне оң әсер етеді", – деді эндекринолог. Сонымен қатар, Елена Зяблова дұрыс пропорцияда холестерин пайдалы болуы мүмкін екенін айтты, өйткені ол қан тамырларының қабырғаларын нығайтады: "Піскен жұмыртқаны жеуге болады, өйткені оның құрамында холестериннің белгілі бір мөлшері бар. Дегенмен, жұмыртқаны аптасына екі немесе үш рет екі жұмыртқадан жеуге рұқсат етіледі", – деді дәрігер. 

KAZ.NUR.KZ

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста