Дәрігер ұялы телефонның ерік-жігерге, миға және есте сақтауға кері әсері туралы ескертті

Дәрігер әрі тележүргізуші Александр Мясников ұялы телефонды тұрақты пайдалану адам денсаулығына қалай әсер ететінін айтты, деп хабарлайды  Zakon.kz. 

"Егер сіз менен ұялы телефонды қалай дұрыс пайдалану керектігін сұрасаңыз, жауабы жоқ. Өйткені, біз жасаған барлық нәрсе өзімізге зиян тигізеді. Пайдаланушының көзқарасы бойынша бұл өте жақсы, сіз интернетке кіріп, кез-келген ақпаратты көре аласыз. Ұялы телефондар бізді қозғалыссыз, мылқау адамға айналдырады. Олар біздің ерік-жігерімізді, миымызды, есте сақтау қабілетімізді және денемізді сал қылады", – деді Мясников.

Ол ұялы телефонды үнемі қолданудан болып адамдарда жақыннан көргіштік ертерек пайда болатынын, сондай-ақ құрғақ көз синдромы, есту қабілетінің нашарлауы, білезік туннель синдромы, бас ауруы, омыртқа аурулары болатынын түсіндірді. Сонымен қатар, дәрігер ұйықтар алдында 4 сағат бұрын ұялы телефон экранына қарамауды ескертті, өйткені, мұндай жағдайда адамда мелатонин өндірісі азайып, ол денсаулыққа кері әсер ететінін түсіндірді.

"Мені ұялы телефонның жанындағы біздің ерік-жігеріміздің әлсіздігі таңғалдырады. Біз өзімізге тиесілі еместей көрінеміз. Бізді кейбір ойлар, түсініктер мен жаңалықтар иландырады. Бізді қорқытады немесе алдайды және соның бәрін сіздің миыңыз қабылдауда. Ал телефон үнемі көз алдымызда болғандықтан, оқимыз, қараймыз, бір-бірімізге жеткіземіз деп ойлануды доғардық", – деді маман. 

Zakon.kz. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста