105 жыл өмір сүрген дәрігер Хинохараның керемет кеңестері

Шығыс - әлемдік даналықтың алтын бесігі. Мен үшін Жапон елі әрқашан ерекше. Ал дәрігер Хинохарамен таныстығым тіптен керемет әсер қалдырған еді. Ол ақырғы деміне дейін емханада жұмыс істеді. 105 жасқа келіп дүниеден өтті. Біздің ғасырда ол сияқты данагөйлер өте сирек.  

Оның өмірді жеңілдететін ережелері өте оңай. Хинохара дәрігердің өмір сүру туралы дағдыларын оқысаң, таң қаласың.

Бақытты өмірдің құпиясы

Көңіл көтер
Қуаныш - тамақ пен ұйқыдан артық. «Адам күш-қуатты тамақ пен ұйқыдан алмайды. Көңілі көтерілгенде қуаты еселенеді. Есіңде ме, бала күніңде тамақты ұмытып, ұйқыны ойламастан күні-түні ойнай беруге пейілді болушы едің ғой? Ересектер де сондай. Адам тәнін шектеп, тамақ пен ұйқыны қатаң ұстануы шарт емес» дейді Хинохара дәрігер.

Дұрыс тамақтану
Жапондардың өмір жасының ұзақтығы - тамақты аз ішетіндігінен. Таңертең бір шыныаяқ кофе, сүт немесе апельсин шырынына зәйтүн майын қосып ішеді. Таңғы асы осындай-ақ. Түскі асты өткізіп жіберуге болады. Немесе азғантай етіп жеу керек. Пайдалы іспен шұғылдансаң, тамақтың түк керегі жоқ. Кешкі асқа көкөніс, күріш қосылған балық же. Ет жеуді азайту керек. Аптасына 100 грамнан екі рет ет жесең, сол жеткілікті.

Алдын-ала жоспарла
Қойын дәптеріңе келешектегі істерді тізіп жаза бер. Ойдың бәрі орындалады. Келешекті ойлаған кезде артыңа қарайламайсың. Болмашыға бола қайғырмайсың.

Біліміңді таратып жүр
Шигеаки Хинохара жылына 150 лекция оқитын. Әр лекциясы - бір жарым сағат­қа ұласатын. Бір жарым сағат бойы тік қалпында, бір отырмастан сабақ түсіндіреді екен.

Дәрігер бәрін емдей алмайды
«Егер дәрігер анализ тапсыр, ота жасау керек деген кезде одан өз балаңа, етене жақын туыстарыңа да осы ақылды айтар ма едің деп сұра?» дейді Хинохара дәрігер. Медицина коммерциялы болғалы оның пайдасынан зияны көп. Адамға басы артық қайғының не керегі бар? Егер емдей алмаса, турасын айтсын. Кейде дәрігердің емінен гөрі сүйікті әніңді тыңдау, үйдегі жануарыңды баққаның көбірек пайдалы.

Өзіңді аяма
Тәніңді жаттықтыру үшін міндетті түрде спортзалдан табылу шарт емес. Жаяу серуенде. Велосипед теп. Жеделсатыдан гөрі баспалдақпен көтерілген жақсы. Түк істемегеннен гөрі әлдеқайда пайдалы. Диван &ndash адам баласының дұшпаны. Есті адам белсенді демалысты таңдасын. 105-ке келген Хинохара екі баспалдақты аттап жүретін. Аяғының бұлшық етін солай шынықтыратын.

Оқы!
Саған ғана шабыт сыйлайтын кітабыңды тауып ал. Өмірлік мақсатыңды анықтауға септессін. Хинохара Роберт Браунингтің «Аббат Фоглер» кітабын оқыңдар деп ақыл айтады. «Өмірде және өнерде алынбас қамалдарға ұмтылу керек. Шеңбер сыз­ғың келсе, өмір-бақи сызып бітірместей  орасан зор болсын. Бізге сол шеңбердің бір шеті ғана көрінеді. Қалғаны біздің өмірімізден де, көңіл сарайымыздан да тысқары қалады».

Уайым - үкім емес!
Біздің замандағы ауруханаларда көңілді көтеретін дүние көбірек болуы тиіс: музыка, би, жануарлар. Көркем терапия дәріден артық емдейді. Назарыңды дертіңнен басқа бір қызықты нәрсеге аудар. Сонда ауру туралы әп-сәтте ұмытасың.

Құндылықтарды қайта бағала
Байлыққа құмартқан адам өмірдегі басты құндылықтар: махаббат, қамқорлық, мейірімді ұмытады. Хинохара: «Естеріңде болсын: сенің сын сағатың қашан туатынын білмейсің. Дәулетті өзіңмен бірге көрге әкете алмайсың», - дейтін.

Ғылым өнер сияқты
Ғылыми формуламен, қанатты сөздермен адамға көмектесе алмайсың. Дерт адам жанымен тығыз байланысты. Адамдар әр түрлі. Сондықтан ем жолы да әр адамға сай жекелей жасалуы тиіс.

Кездейсоқ жағдайға дайын бол
Адам тәні сан алуан ғажапты жасай алады. Шигеаки Хинохара соғыс кезінде тұтқынға түсіп, тек өзіне ғана сеніп аман қалғанын айтады. Адамның өз тәніне деген зор махаббат мен құрмет кез келген қинау мен қорлаудан алып шығады.

Ұстазыңды тап
Үлгі ететін, өнеге алатын адамыңды тап. Бар күшіңді жұмсап, оны басып озуға тырыс. Хинохараның кумирі әкесі болған. Кейіннен басқа да тұлғаларға қарап үлгі алған. «Қиын жағдайға түскен кезде, мен үлгі ететін адамдар осы жағдайда қайтер еді деп ойлаймын».

Ұзақ өмір сүру - бұл ғажап
Өмірдің әр сәтін, әр минутын бағала. Әр күнің өткен күннен артық. Өзгелер туралы ұмытпа. Жасың 60-тан асқан соң шамаң жеткеннің бәріне көмектесе бер. Ақысына ештеңе сұрама. Тірі жүргеннің өзі &ndash сен үшін зор бақыт.

Шигеаки Хинохара 105 жасқа келіп, 2017 жылдың 18 шілдесінде дүние салды. Ақырғы демі таусылғанша ол Токио­дағы Әулие Лука атындағы Халықаралық емхананың президенті болып қызмет атқарды. Соған дейін ем жүргізді. Қойын дәптері бес ай келешекті қамтып жоспарланып қойыпты.

Диана ЛИНН.

(Аударған - Шынар Әбілдә).
 
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста