Әлеуметтік желіде белгілі продюсер Баян Мақсатқызының қазақ тілді өнер иесіне пародия жасаған видеосы тарады. Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Видео instagram-ның qaz.stars парақшасында жарияланды.
Онда продюсердің қазақша сөйлеп, әлдебір адамды келемеждеп тұрған сәтін көруге болады. "Сәлем, қалдарыңыз қалай, күшті-күшті көйлек киеміз, инабатты болам енді. Қазақ қыздары осындай болу керек" деп пародия жасайды.
Көпшілік Баян Мақсатқызының кімді салып тұрғанын анықтауға тырысты.Бірі ол Ерке Есмаханды салып тұр десе, енді бірі Меруерт Түсіпбаеваға ұқсаттым деп жазды, тағы бірі Мадина Садуақасова болса керек деген пікір айтты. Сондай-ақ Аида Кауменоваға немесе Айгүл Иманбаеваға пародия жасады деп топшылағандар да болды. Дегенмен көпшілігі продюсердің таза қазақша сөйлеп тұрғанын сөз қылды.
"Менсінбей тұр ғой, қазақ тілін таза сөйлеп, сайрап тұр ғой, бәрін өтірік істейді екен ғой", "Баян апам қазақша әдемі сөйлеп тұр ғой","Осы қатыныды құрту керек","Жыртық тесікке күледі", деген сияқты пікірлер жазды.