"Жылтыр көйлек" әнімен танылған Еркебұлан Құмаров қазір қайда жүр

Ақтөбелік жігіт осы әннен кейін өмірі қалай өзгергенін Экспресс К тілшісіне айтып берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

Қазіргі қазақ тойларындағы хит әндердің бірі — "Жылтыр көйлек", "Аппақ көйлек" . Жұртшылық осы әндерге шыр айналып билеп, кештерін көңілді өткізіп жүр. Ал әннің орындаушысы — ақтөбелік әнші Еркебұлан Құмаров.

 

Ақтөбеде ән салып жүрген жігіт "Жылтыр көйлек" әнінен кейін бірден танылды. Қазір бұл әнсіз қазақ тойлары өтпейді.

 

"Жылтыр көйлекке" дейін қоржынымда бірнеше ән болды. Бірақ халыққа кеңінен танытқан осы ән, — дейді Еркебұлан.

 

Әннің сөзі мен әуенін жазған Қарақалпақстан елі Нөкіс қаласының тұрғыны ұлты қазақ Сәрсенбек Жеткербаев екен.

 

Ол кісі әнді тікелей өзіме берген жоқ. Ән өңдейтін ағаларым арқылы келді. Көпшілігі плагиат деп жатыр. Ешқандай көшірме емес. Бұрын ешкім орындамаған. "Жылтыр көйлектің" алғашқы соңғы орындаушысы да өзіммін. Ән менің, мен әннің бағын аштым, — дейді әнші.

 

Осы әннен кейін Еркебұлан танымалдығының артқанын айтады. Тойлар "Жылтыр көйлексіз" өтпейтін болды. Еркебұлан әннің өзіне қомақты қаржы әкелгенін де жасырмады. Қазір де әннен табыс тәуір түсіп жатыр.

 

Шүкір, халық әнді, сосын мені біліп жатыр. Қазір бесіктегі баладан еңкейген қартқа дейін бұл әнді біледі. Осы әннен кейін Алматыға көшіп келдім. Бала кезімнен өнердегі ағаларымды көру арманым болса, қазір солармен бірге бір саханада ән шырқап жүрмін, — дейді Еркебұлан.

 

Еркебұлан Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Жетікөл ауылында туып, өскен. Бала кезінен ән салып, "Әнші балапан" секілді түрлі жарыстарға қатысқан. Әншінің ата-анасы да бауырлары да шығармашылыққа жақын жандар. Еркебұлан ауылдағы 11 жылдық мектепті бітіргеннен кейін Ақтөбе педагогикалық институтының музыка мамандығына оқуға түседі. Оқу орнын тәмәмдаған соң өнерге бет бұрды.

 

Еркебұлан қазір шығармашылықпен айналысып жатқанын айтты. "Жылтыр көйлектен" кейін "Аппақ көйлек" әнін жазған. Ол да хитқа айналды. Сондай-ақ ол киноға түсуді жоспарлап жүр. Ол өзінің тойдың емес, лиликалық әнші екенін айтады.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста