Жүсіпбек Елебеков колледжі – елуде

Биыл қазақ өнерінің киелі шаңырағы Жүсіпбек Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінің 50 жылдық мерейтойы аталып өтуде. Кең көлемде тойланып жатқан оқу орнының мерейтойы 24 қараша күні республикалық ғылыми-практикалық конференциямен басталды. Конференцияға өнертанушы ғалымдар қатысып, колледж студенттеріне оқу орнының тарихы туралы естеліктерін айтып, ғылыми баяндамаларын жасады.
Құлымжанов Қанат Адалбекұлы, Мұқан Амангелді Оразбайұлы, Халықов Қабыл Заманбекұлы, Мұқышев Талғат Кәріпжанұлы сынды ғалымдар, өнертанушы ұстаздар конференцияға қатысып отырған жас дарындар үшін колледж тарихы жайлы қызықты әңгімелерін ортаға салды.


Қанат Адалбекұлы өзінің колледж студия болып алғаш ашылған жылдары осы оқу орнына келіп қалай түскенін, ғимараттың астыңғы қабатында оқып, үстіңгі қабатында жатақхана есебінде тұрғандарын әңгімелеп берді. Ғарифолла Құрманғалиев, Бекен Жылысбаев Майталмандардан тәлім алған Қанат Адалбекұлы өнер саласында біраз еңбектеніп, кейінгі жылдары ұстаздық етіп жүр. Қанат ағай талай дарынды шәкірттерді тәрбиелеген ұстаз.


Белгілі өнертанушы, театртанушы Амангелді Оразбайұлы өзінің баяндамасында Абай операсы туралы, оны қазіргі заманға бейімдеу туралы айта келіп, Абай өнердің темірқазығы екенін алға тартты. Сондай-ақ Амангелді мырза бұл оқу опернының тамыры тереңде жатқанын, мұнда музыка студиясы, театр студиясы және цирктың негізі қаланғанын айтты. Ол кісі өзінің қазақтың бұл-бұл әншісі Бибігүл Ахметқызымен сұқбаттасқандағы белгілі әншінің бір сөзін мысалға келтірді. «Мен дауысым арқылы үлкен жетістікке жетті екен деп ойламаңыздар. Менің дауысымның, дарынымның үлесі 5-10 пайыз ғана, қалған 90 пайыз еңбек» деп еді әнші апамыз. Сондықтан балаларға айтарым, халық алақанында салып жүретін дарын иесі болу үшін көп еңбектену керек» деп түйіндеді өз сөзін Амангелді Оразбайұлы.


Конференцияда сөз алған белгілі сыбызғышы Талғат Кәрібжанұлы да сыбызғы аспабының бұрын қазақ балалары біле бермегенін, қазір насихаты күшейіп, сыбызғыға деген қызығушылық артқанын әңгімеге арқау етті.


Салтанатты кеш барысында Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінің тарихы мен оқу орнының негізін қалаушы Гүлжиһан Ғалиеваның өнегелі ғұмыры туралы деректі фильм көрсетілді.


Жеңіс Сейдоллаұлы, Жүсіпбек Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінің директоры:

– Баяғыда немересі үлкен бір ақсақалдан сұрапты: «Ата қай кезде өміріңіз жақсы болды, ерекше есіңізде қалды» деп сұрапты. Сонда ақсақал: «Сталиннің кезінде керемет өмір сүрдім» депті. «Ойбай, атау, Сталин нағыз қанішер болған жоқ па, қанша адамның жанын алды емес пе?» дегенде ақсақал ойланбастан: «Сталин қанша адамның жанын алды, зұлымдық жасады білмеймін, бірақ біз ол кезде жас едік» деген екен. Міне, жастықтың құдіреті деген, ешбір қиындыққа да сынбай, өмірге құштар болады. Сондықтан бүгінгі жастарға айтарым, осы колледждің аяғынан тұрып кетуіне қазақтың маңдайалды азаматтары тер төкті. Қылышынан қан тамып тұрған кезеңдерде де еш мойымай қазақтың балалары білім алса екен, өнерге үйренсе екен деп жанталасты. Біз сол кісілерді құрметтеп, аттарына кір келтірмей өнерге барымызды салуымыз керек.


Колледж тарихы...
Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжін 1965 жылы Алматыда "Қазақконцерттің" жанынан Г. Ғалиева ұйымдастырған болатын. Алғашқы кезде ол эстрада және цирк өнері студиясы деп аталды. 1967 жылдан бастап өмірінің соңына дейін осында ұстаздық қызмет жасаған әнші Жүсіпбек Елебековтың есімімен 1995 жылы Ж. Елебеков атындағы Алматы эстрада-цирк өнері колледжі болып, кейін республикалық мәртебеге ие болды. Эстрада және цирк өнері әртістерін даярлайтын өнер ордасы түлектерінің арасынан Жәнібек Кәрменов, Қайрат Байбосынов, Нағима Есқалиева, Сәуле Жанпейісова, Бағдат Сәмединова, Айжан Нұрмағамбетова, Балтабек пен Раиса Жұмағұловтар сияқты көптеген қазақ өнерінің белгілі өнер майталмандары шықты. Белгілі әнші Сәкен Майғазиев пен Қайрат Нұртас та осы оқу орнында білім алған.


Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінің 50 жылдық мерейтойына арналған шаралар бірнеше күнге жалғасады. 25 қараша шеберлік кластары өткізіледі. Ал 26 қараша күні колледж түлектеріні, өнер жұлдыздарының қатысуымен үлкен шоу-концерт өтеді.
Айнұр СЕНБАЕВА

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста