Жұбановтың туғанына – 105 жыл

Биыл – қазақ кәсіби музыка­сының атасы, дарынды компо­зи­тор, дирижер, Халық әртісі, академик Ахмет Қуанұлы Жұба­новтың туғанына – 105 жыл. Тұлғаның мерейтойына арнал­ған шаралар оның туған өңірі Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында аталып өтті.

Ахмет Жұбанов Мұғалжардың Қосуақ­там шатқалында дүниеге келсе, Ембі қала­сы – сол кезеңдегі аудан орталығы ретінде оның табаны талай тиген жер. 2006 жылы сазгердің 100 жылдығы ЮНЕСКО күнтізбесі бойынша кең көлемде тойланған кезде, мұнда Мәдениет үйі, Жұбановтың ескерт­кіші мен ағайынды дарындыларға арнал­ған мемориалдық мұражай ашылған еді. Шағын қалада талантты тумаларының өмі­рі мен шығармашылығын тануға айрықша көңіл бөлінеді. Биыл қала мектептерінде атаулы күнге орай Жұбанов тағылымына арналған шығармалардың байқауы ұйым­дастырылды. Мұғалімдер зерттеу мақала­лар жазып, көпшілікке ұсынды. Жуырда Ембідегі Ағайынды Жұбановтар мемориал­дық мұражайында осы шаралардың бір­қатары қорытындыланды. Мұражай бас­шы­сы жұбановтанушы ұстаздарды, музы­канттың көзін көргендерді, өнер жана­шыр­лары мен қаланың талапты оқушыла­рының басын қосты. Шарада қазақ кәсіби музыкасының негізін қалаған тұлғаның еңбектері жайлы кеңінен айтылды. Жұба­нов дүниеге әкелген «Қарлығаш», «Ақ кө­гер­шін», «Ақ шолпан» сияқты әндер орын­далды. Бұл мұражайда Жұбановтар әулеті­нің атақонысы – Ақжар елді мекеніне, Құдай­берген Жұбановқа, Ахметке, Ғазиза Жұбановаға және дарындылар династия­сының басқа да өкілдеріне арналған залдар бар. Жәдігерлерінің жалпы қоры 2000-нан асады. Тұпнұсқа экспонаттардың ішінде Ахмет Қуанұлының концерттік фрагы мен оған сыйға тартылған дүниелер және Ғазиза Жұбанованың ұстап тұтқан бұйымдары ерекше құнды.
Ұлболсын Мұхамбетова, Ағайынды Жұбановтар атындағы мемориалдық мұражайдың директоры:
– Мұражай Ахмет Жұбановтың 105 жыл­дығына орай жыл басынан бері көптеген іс-шараны атқарып жатыр. Соның ішінде сәуір айы ерекше болды. Өйткені Ахмет атамыз осы айда дүниеге келген. Сәуір айында біз Жұбанов дәрістерін және композитордың көзін көргендермен кездесу өткіздік. Сондай-ақ биыл жетінші рет «Жұбанов көктемі» фестивалі аясында оқушылар арасында ұлы музыкант шығармаларының бай­қауы ұйымдастырылды.

Дариға Бекниязова, мұғалім, А.Жұбановтың туысы:
– Мен Алматыда оқыған кезімде, бес жыл бойы Құдайберген атамыздың зайыбы Раушан апамен, басқа да Жұба­новтармен қатынасып тұрдым. Біздің кішкентай кезімізде олар ауылға, біздің үйге жиі келіп тұрды. Ахмет Жұ­ба­новты ең бірінші бес жасымда көр­дім. Кейінгі ұрпақтар, біздер, олар­ға еліктеп өстік. Дегенмен кейінгілер көбіне музыканттықты емес, мұғалімдік-педагогтік жолды таңдапты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста