«Жиембет батыр» романы жарық көрді

Жақында жазушы Табыл Құлыяс өзінің жаңа туындысын - «Жиембет батыр» роман-эссесін дүйім жұртқа таныстырды. Кітап Орбұлақ шайқасы және оған қатысқан батырлардың бірі, «Есім ханның ескі жолы» дала заңын құрастырған би, жыршы-сазгер Жиембеттің көпқырлы бет-бейнесі туралы әңгімелейді.
Жиембет батырдың ақын, жыршы, сазгер, әскербасы, Есім ханның бас биі, халқын ойлаған тарихи тұлға болғанын аңыз-шежіре мен жазба деректерден анық байқауға болады. Әсіресе оның Орбұлақ шайқасындағы батырлығы тарихта мәңгі­лік қалатыны хақ. Оған Орбұлақ жота­сын­дағы 20 тонналық ескерт­кіш тақта­да­ғы мына бір жазулар дәлел бола алады. «Бұл жерде 1643 жылы Сал­қам Жәңгір бастаған қазақ­тың 600 жауынгері ор қазу тәсі­лімен қалмақ­тың 50 мың қолын тоқтатып, оның 10 мыңын жойып жіберген. Осы кезде бұларға Самар­қан­нан алшын Жалаңтөс баһа­дүр 20 мың қолмен көмекке келіп үлгерді. Ұлы жеңіске шапырашты Қа­­расай, арғын Ағынтай, тама Жиембет, қаңлы Сар­­бұқа, найман Көксерек, қырғыз Көтен мен Табай, дулат Жақсығұл, ар­ғын Қом­пай, суан Елтінді батыр, тағы басқа хас батыр­лар үлес қосты. Батыр бабалардың аруа­ғына бас иеміз!». Негізі, әлемдік соғыс та­ри­хында ор (окоп) қазу тәсілі осы Орбұлақ шайқасынан басталды деседі.
Жи­ем­беттің ақын­ды­ғы, сазгер­лі­гі өз алдына, оның Есім ханның он екі биін жұ­мы­лдырып, заң шы­ға­ру ісіне белсене атса­лысқаны тарихтан белгілі. Ол сарбаздарды соғыс өнеріне тәр­биелеу, әсіресе жекпе-жектегі шеберлік­ті шыңдауға жеке өзі қа­тысқан. Осылайша қазақтың байтақ дала­сын қорғаған жаужүрек батырлар да­йын­далды. Ол туралы орыс тарихшылары да көптеп жазды.
Айгүл КЕМЕЛБАЕВА, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, жазушы:
– Табыл аға өзі жазушы әрі Жиембет батырдың ұрпағы. Осы кітапқа тарихи деректерді жинаған кезде, оған өте қиын болды. Себебі ол кезең – 17-ші ғасыр, 18-ші ғасыр болса, жеңіл бола­тын еді. Мәселен, Бұқар жыраудың Абылай ханға айтқан сөзі жатталып қалған ғой. Оны бәрі біледі. Ал Жием­бет жырау туралы дерек жоққа тән. Дегенмен Табыл аға ел аузындағы атадан балаға мирас болып қалған сөздерді жазып алып, қазақ халқының құймақұлақтық ұлттық қасиетін шебер пайдалана білді. Осының арқасында романдағы Жиембет батырдың өр бейнесі жарқырап көрінеді. Жалпы, Жиембет жырау қазақтың санасында Ақтамберді, Қазтуған, Шалкиіз, Дос­пан­беттермен қатар тұратын үлкен тұл­ға деп білемін. Қазіргі кезде біздің ба­лалар шетелдік киноларда өтірік кейіп­керлерді көріп жүр ғой. Меніңше, біз Жиембет жырау сияқты нағыз тарихи образдарды киноға түсіріп, жас ұрпақ­тың санасына сіңіруіміз қажет. Мен өзім осы кітаптан киносценарийдің сұл­басын көріп отырмын.

Табыл ҚҰЛЫЯС, «Жиембет батыр» романының авторы, жазушы:
– Бүгінде біз тарихымызды түгендеп жатырмыз ғой. Бұрын қазақ халқының тарихы дұрыс зерттелмей, жабық күйінде жатқан жоқ па?! Ал тарихты ашып жазған адамдардың барлығын қудалауға салды. Біз өткен-кеткенімізді жинақтауға енді кірістік. Тәуелсіздік қалай келді? Бағымызға біткен мемле­кетіміз, елдігіміз бен егемендігіміз жерді сақтап қалған бабаларымыздың батырлығы арқасында жетті. Осы кітап­та біздің жастарымызға сол батырлары­мыз туралы айтқым келді. Негізі, Ор­бұлақ соғысына қатысқан 600 батыр­дың әрбіреуі туралы бір том жазуға болады. Мен соны ойлап жүрмін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста