«Жетінші арна» жеткіншектерге арнап мультфильм шығарды

«Жетінші арна» жеткіншектерге арнап мультфильм шығарды

«Тағдыр таразысының қайда қарап ауатыны – бесіктің қалай тербелуіне байланысты» деген екен поляктың Станислав Ежи Лен атты ақыны. Сол айтылғандай, бесігін өзгенің тербетуіне жол беріп отырған жұрт бүгінде біз болып отырмыз. Ұрпақ тәрбиесіндегі көп кілтипанды айтпағанда, бір ғана мультфильм мәселесінің өзі де жеткілікті. Қазақ баласын Наруто мен Өрмекші адам болуға құштарландырып отырған құдіретті күштің бар кілті олар үзбей тамашалайтын мультфильмде екенін білсек те, солардың алдында шарасыздық танытып отырған жағдаймыз бар. Әйтсе де...

Жаңадан ашылса да «Жетінші арна» балалар қамын ойлап, ә дегеннен-ақ мультфильм жасауды қолға алыпты. Осыған дейін ешбір арна өз елімізде, өз өрендеріміз үшін арнайы тапсырыс бермегендіктен, «Жетінші арнаны» игі бастама көтеруші ізашар деуге әбден болады. Сонымен, анау-мынау емес, 65 сериядан тұратын екі тілдегі бұл мультсериал «Болашақ тобы» - «Команда будущего» деп аталады.

Мультсериалдың негізгі мақсаты – оң-солын енді ғана танып келе жатқан бүлдіршіндерге әлемнің қалай жаратылғанын, соның ішінде қазақ елінің табиғаты мен салт-дәстүрінің ерекшеліктерін таныту болып табылады. Алайда арнаның бас продюсері Михаил Дорофеев жобаны жай танымдық деп қана тану оның толық мақсатын түсінбегендік болатынын айтады.

Михаил ДОРОФЕЕВ, бас продюсер:
– Мектепке дейінгі аудиторияға арналған мультфильм – қазіргі кезде біздің елімізге ауадай қажет өнім. Әсіресе, күнделікті тамашалағанға балаларға ұзақ сериал керек екенін бәріміз біліп-сезіп жүрдік, бірақ ешкім қолға алған жоқ еді. Ақпарат кеңістігіміздің осы олқы тұсын бүгінге дейін басқалар еркін пайдаланып келді. Енді біз оны өз қолымызға алуымыз керек деп, алғаш арнайы тапсырыспен «Болашақ тобы» – «Команда будущегоны» қолға алып отырмыз. Әлі мектеп табалдырығын аттамаған бүлдіршіндерге аздап білім беруші сипатқа ие. Бірақ оның негізгі мақсаты – балаларға достық, адамгершілік, ар-ұят, жақсылық пен жамандық сынды биік адами құндылықтар жайлы түсінік беру, содан соң туған елдері Қазақстанның табиғаты, байлықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрін таныту.

Осы орайда арна басшылығы мультфильм жасаумен айналысатын түрлі студиялардың сан қилы өнімдерін қарап, соңында дарынды суретші Ұлан Дубанаев басқаратын топқа тоқтауды жөн көріпті. Ал өнімді жасаушы продюсерлік орталық «Ырысы Ақ» деп аталады.

Мақсат ЫРЫСАҚОВ, «Ырысы Ақ» продюсерлік орталығының қызметкері:
– Мультфильм жасауда аниматорлардан, социологтар мен психологтардан тұратын кәсіби топ жұмыс атқаруда. Себебі мультфильм деген жай қимылдайтын суреттер ғана емес, ол – баланың ой-өрісіне, дүниетанымына әсер ететін үлкен идеологиялық құрал. Кейіпкерлерінің әр түрлі жыныста және әртүрлі ұлт өкілдерінен болып келуі де кездейсоқ құбылыс емес, біз әдейі балалардың танымын кеңірек ету үшін солай жасауды жөн көрдік.

Шығармашылық процесс әлі де жұмыс үстінде, яғни мультфильмнің 2-3 айға жетерлік серияларын арнаға тапсырып үлгерген топ қалғандарын шетінен жасап жатыр. Ал тұтас туындыға қанша ақша жұмсалғанын арна басшылығы ашып айтуды жөн көрмей отыр. Десек те, алматылық студиялардың бағасы секундына 10-15 доллар сұрайды екен. Ал продюсерлік орталықтың басшысы Манас Ырысақов болса, өздерінің арна басшылығымен келісімде бағаны минутымен есептегенін айтады. Сондай-ақ осы орайда продюсерлік орталықтың мультфильмді басынан-аяқ, яғни атауынан бастап, негізгі идеясымен түгел айналысатыны да бағаға тікелей әсер етеді екен.

Түйін
Қазіргі кезде көрсетіліп жатқан мультфильмге баға беруге әлі ертерек шығар, бірақ жоба авторларының мәлімдеуінше, оның рейтингі бүгіннің өзінде жеті пайызға жуықты құрап отыр. Ең бастысы, ендігі жерде өз балаларымызды туған елін, жерінің байлығы мен салт-дәстүрін сүюге үндейтін, заман талабына сәйкес келетін, төл туындымыз жоқ демейтін болдық.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста