Жеті жұптың бағын ашқан «жетінші арна» енді «жұлдыздар мекеніне» айналмақ

Ақпарат кеңістігіне кейін келсе де, «аға арналардан» озып, аптаның жеті күнінде тәулігіне 24 сағат бойы ақпарат тарататын «Жетінші арна» жаңа маусымның есігін айқара ашты. Өз соқпа­ғын «Өзгеретін уақыт келді» деп бастап, тың серпіліс лебін ала келген жас арна енді жаңа маусымда «Жұлдыздар мекені» болмақ.

Тәуекел түбі – үш есе өсу
Естеріңізге сала кетсек, астаналық «Эра» телеарнасының негізінде құрылған «Жетінші арна» 2009 жылдың 9 қыркүйегінен бастап республикалық арнаға айналған болатын. Ә дегеннен қарқынды әрі кәсіби қадамға кіріскен жас арна 2010 жылдың соңына қарай Қазақстан халқының 76 пайызына қолжетімді болып үлгерген еді. Ал екі жылда айтарлықтай белестерді бағындырған арна күні кеше өз маусым­ашарын мереке іспетті атап өтіп, онда осы екі жылдың есебін көргендей болдық.
Бибігүл ЖЕКСЕНБАЙ, «Жетінші арна» Директорлар кеңесінің төрайымы:
– «Жетінші арна» бар-жоғы екі жаста. Өздеріңіз білесіздер, 2009 жылдың 9 қыркүйегінде арна алғаш тұсауын кескен болатын. Дегенмен де 2011 жылды біз үшін үлкен өзгерістер жылы болды деп атауға болады. Өйткені сегіз ай бұрын біз ребрендинг жасап, ұранымызды өз­герткен болатынбыз, соған сай біздің кескін-келбетіміз де өзгерді. Жаңа кесте құрып, жаңаша бағдарламалар жасай бастадық. Әрине, басында бізді сынаушылар да көп болды, көптеген біздің шешімдеріміз дау тудырғаны да рас, пікірталас көп болды. Алайда соған қарамастан сол кезде тәуекелге барғандығымыздың арқасында біз біраз нәтижеге жеттік. Ең бірінші дәлел деп осы өзгерістен кейін біздің көрермендеріміз санының үш есеге өсуін айтуға болады. Әсіресе жарнама берушілер үшін өте қызықты аудитория – жастар аудиториясы. Сол жастардың аудиториясы бізде үш есеге өсіп отыр. Қазақстан телеарналарының арасында аз уақытта осындай көрсеткішке қол жеткізген арна болған емес. Сондықтан біз мұны үлкен мақтанышпен айта аламыз.


«Таңмен» күліп оятып, жеті жұпқа «Жар-жар» айтқан...
Жаңа маусымда «Жетінші арна» таң атқаннан-ақ көрерменнің көңілін көкке көтеріп, күні бойына жететін керемет әсер сыйлай білетін «Таң» бағдарламасын бас­тап кетті. Сонымен қатар осы жыл басы­нан басталып, күзге дейін көрермен көз­айымына айналып үлгерген «Қырық миллион теңге» шоуы, «Жар-жар», Come­dy club.kz бағдарламалары бұл маусымда өз жалғасын табады. Айта кетерлігі, небары бір жылдай уақыт аралығында «Жар-жар» жобасы жеті жұптың бағын ашып үлгеріпті. Ашылғанына бес жыл болған ресейлік «Давай, поженимсяның» өзі осы уақыт аралығында мұндай жетістікке қол жеткізе алмаған көрінеді. Бұл құр даурықпа мақтаныш емес, телеарнаның еліміз үшін өзекті саналатын әлеуметтік мәселені шешуге қосқан зор үлесі деп білгеніміз жөн.
«Что? Где? Когда?» – «Жетінші арнада»
Айта кетерлік тағы бір жайт, ақпарат­тық қызмет – әрдайым «Жетінші арнаның» басты келбеті. Күнделікті жаңалықтардан тыс, «Жетіншінің» эфирінен апта сайын өте­тін «Нысана» мен «Другими слова­ми» ақпараттық-сараптамалық бағдар­ла­ма­ларын көрермен асыға күтеді. Осы жыл­дың наурыз айында «Евразия Медиа қоры» ұйымдастырған Халықаралық жур­на­лис­тер байқауында бұл екеуі де «Кәсі­бі­нің үздігі» деп танылып, жеңімпаз атанды.
Енді осы күзде арна басшылары өз көрерменіне күлкі сыйлауды да қолға алып отырса керек. КТК арнасынан «Наша казаша» арқылы танылып жүрген әзілкеш жігіт­тер ендігіде жаңа маусымнан бастап «Жетінші арнадан» «Побег из аула» атты жаңа жобамен көрінетін болады. Ал ең басты тағы бір жаңалық – зиялы қауым сүйіп көретін аты аңызға айналған ресейлік «Что? Где? Когда?» зияткерлік викторинасы қыркүйек айының соңынан бастап енді «Жетінші арна» арқылы еліміз жұртшылығына жол тартпақ. Сондай-ақ арнада енді ән-жырдан шашу шашып қана қоймай, жас дарындыларды іріктеп шығарып, өнердің үлкен соқпағына жол ашып беретін «Жұлдыздар фабрикасы» тұсауын кеспек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста