"Жеті күннен соң сақина салды": Тамара Асар өмірлік жарымен қалай танысқанын алғаш рет кеңінен мәлімдеді

"Жеті күннен соң сақина салды": Тамара Асар өмірлік жарымен қалай танысқанын алғаш рет кеңінен мәлімдеді

Әнші Тамара Асар өзінің екінші жұбайы Жұмаш туралы кеңінен айтып, онымен қалай бас қосқанын және қалай танысқанын көпшілікке баяндады, деп хабарлайды "Жақсы адамдарым" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Бір көргеннен таңдауы маған түскені үшін рахмет айтамын. Біз Шымкентте алғаш рет көрістім. Ол қасымнан өтіп бара жатты да: "Мынау қандай әдемі келіншек, үйленемін", - деді. Әнші екенімді де, кім екенімді де білген жоқ. VIP залда отырған барлық адам күлді. Қазақша білмегендіктен бәрі: "Ол Тамар Асар ғой", - деді көпшілік. Болашақ жарым болса: "Ол кім", - дейді. Осылайша, менің телефон нөмірімді алып, жеті күннің ішінде қолыма сақина салды. Біз танысқан кезде ол өзін темір дәнекершісімін деп айтты. Бұл кісінің үлкен өндірісі бар екенін, ешнәрсесін білмедім. Кейін цехқа тамақ апарып жүргенде ғана қызметкерлердің бірі: "Шеф идет" дегенін естіп, өзімнің жұбайым сол өндірісті аяққа тұрғызған басшысы екенін білдім. Менің бұл шешімді қабылдауыма әкем тікелей әсер етті. Видеоқоңырау арқылы көрсетіп едім. Басын изеді де: "Бұл жігіт терең білімді. Басы Сократтың басындай. Қателесіп тұрғам жоқ, осы - сенің адамың", - деді. Жеті күннен соң сақина салып, екі айдан кейін құда жіберіп, барлық жоралғысымен ұзатып алды. Ешқандай кездесу, гүл беру деген болған жоқ. Осылай бас қостық", - дейді Тамара Асар. 

KAZ.NUR.KZ.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста