Жазушылар одағы Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ақын-жазушылар арасында бәйге жариялайды

Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай біршама шара атқарылады. Соның арасында жазарман қауымның құлағын түретін бәйгелер де баршылық. «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесінің отырысында сенатор, ҚР Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин еліміздің ақын, жазушылары арасында жүлде салып, бәйге тағайындалатынын жеткізді, - деп хабарлайды "Алаш айнасы" порталы.

«Қазақ хандығының 550 жылдығы – бұл біздің ұлтымыздың туы тігілген өте жауапты кезең. Тарихымызда бұл мерейтой тұңғыш рет аталып өткелі тұр, ендеше осы 550 жылдық қалай болғанда да мемлекеттік тұтастығымызды, тәуелсіздігімізді, Мәңгілік Елге бара жатқан сара жолымызды танытатын, әлем елдерінің алдында ұлтымыздың тамырын, тегін, тарихын паш ететін, бағаланатын ұлы шаруа болуы шарт. Бұндай ауқымды шарадан Жазушылар одағы да тыс қала алмайды. Біз үлкен бір ұлттық компаниямен бірлесіп, қам-алқа жасап жатқан жайымыз бар», - дейді Нұрлан Оразалин. Оның айтуынша, алдағы сәуірден бастап тамыз айына дейінгі бес ай арасында ақын-жазушыларға арналған үш жанр бойынша бәйге жарияланады. Атап айтқанда, прозаға, соның ішінде әңгімелері, хикаяттары, деректі-эсселер, тіпті шығармаларға 7 бәйге тағайындалады. Сосын поэзия жанрында да 7 түрлі аталыммен бәйгеге ұсынылады. Үшінші бағыт – драматургия бойынша 7 бәйге. Атап айтқанда, осы үш жанрдан ақын-жазушылар арасында бас жүлде, бір - бірінші орын, екі - екінші орын, үш - үшінші орын бойынша жүлделерге бақтарын сынай алады.

«Мұның деңгейі қалай болады, қаншалықты қамтитынымыз әлі белгісіздеу. Мұның бәрін ұлттық компанияның бізге беріп отырған «уәдесі» шешеді. Ол да әзірше жаман емес, қомақты. Дегенмен, ең бірінші кезекте біз тамыз айына дейін бәйгеге түскен шығармаларды таңдап, ішінен Қазақ бабаларымыздың, хандарымыздың әруағы риза болатындай дүниелерді, 550 жылдықтың нағыз тартуына айналатын туындыларды іріктесек, тапсақ жөн болатын еді. Бәрі мерейлі мерейтойға лайық болса. Жүлделер тапсыру рәсімін Алматыдағы үлкен театрлардың біріне жоспарлаймыз», - деді Нұрлан Оразалин. Айтпақшы, әлгі шығармалар негізінде кітап та шығуы мүмкін. Ең бастысы тасқа түспек таңба – мерейтой үшін тамаша тарту болмақ.

Тоқтала кететін жайт, «Мирас» қоғамдық кеңесінің отырысында ағымдағы жылғы мерейтойлардың, атап айтқанда Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының және Конституцияның 20 жылдығы, Жеңістің 70 жылдығы аясындағы іс-шаралар талқыланған болатын. Бұған дейін де белгілі болғанындай, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай негізгі шаралар Жамбыл облысында ұйымдастырылады. Сосын Астанада халықаралық конференция өткізу де жоспар ретінде түртілді. Ұсыныстарға келсек, Мырзатай Жолдасбеков ырду-дырдуды қысқартып, кейінгіге есте қалатындай, ауыз толтырып айтуға тұратындай шара болсын деді. Соның ішінде «айтыс міндетті түрде өтетін болсын» дегенді де қосып қойды. Ал Бекболат Тілеухан ұлттық спорттың ұлықталуы тиістігін айтып, бәйгені де, көкпарды да халықаралық деңгейде жаңа тәртіппен өткізуді ұсынды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста