Жазушыдан оқырманға дейін

Жазушыдан оқырманға дейін

«Қазақ оқырманы көркем әдебиет оқымайтын болып бара жатыр» деген мәселе кейінгі кезде көзі ашық, көкірегі ояу қауымды мазалап жүргені рас. Оқырман, әсіресе жас буын, шынымен, кітап оқымай ма? Оқымаса, неге оқымайды? Оған кінәлі кім? Жазушы ма, әлде оқырман ба?

«Айына ең болмаса бір кітап сатып ал­маған адам – рухани ашаршылыққа ұшы­раған адам» деген екен бір ойшыл. Ал біз айды айтпағанда, жылына бір кітап оқимыз ба? Рас, «қазір ақпарат көзі көп, қажет дүниені басқадан да табуға болады» деген пікір пайда болды. Бірақ адам көркем әдебиеттен ғана табатын астарлы ой, ше­шен­дік өнер, сұлу мінезді қайда тас­таймыз?
Осы сұрақтарды басшылыққа ала оты­рып, жазушыдан оқырманға дейінгі жолды шолып көрелік. Мәселе неде? Физикада «шамдарды тізбектей қосу» деген амал бар. Егер тізбектің бір жерінде ақау болса, жарық ары қарай өтпей, тоқтап қалады. Осы қисынмен жазушыны тоқ көзі – «генератор», оқырманды жарық шамы – «лампа» деп алайық...

Құрметті оқырман, осы  сауалнамада көрсетілген ашық шақпақтарға тиісінше белгі соғып шығыңыз. Ал толтырылған анкетаны редакциямызға жолдауыңызға немесе өз пайымыңызды телефон арқылы (8-727-388 80 60) жеткізуіңізге болады. Сондай-ақ пікіріңізді  www.alashainasy.kz сайтына да жолдауға мүмкіндігіңіз бар. Сол арқылы біз де әдебиетімізге шын жанашыр қауымның пікіріне сараптама жасауға мүмкіндік алар едік. Шынымен, кедергі қай жерде тұр екен?


Cұлтанәлі Балғабаев, прозашы, драматург:
– Қаржылық проблема бар деп айта алмаймын. Құдайға шүкір, қазіргі заманда қаржы табуға болады. Меніңше, ең басты кемшілік тарату, сатуда болып отыр. Біздің елдегі кітап шығарып, оны тарату жүйесі өте аянышты жағдайда. Қазіргі қазақ жазушысы «идея, тақырыптан тарылып отыр» дегенмен де келіспеймін. «Оқырман жоқ» деген де бекер сөз. Баяғыда «кино шыққан соң театр өлді» деп айтылатын. Ең бастысы, насихат жұмыстарын дұрыстап жолға қою керек, шыққан кітапты жарнамалау мен таратуда үлкен реформа қажет!
Ал әдебиетті одан сайын қуатты ету үшін жаңадан шығып отырған шығарма­ларға қалам­ақы төлеуді ретке келтіру, әсіресе, жас жазушылардың еңбегін бағалауға өте көп көңіл бөлу керек.

Бір анық
Кітап қай кезде де оқылған, оқылып жатыр, оқыла да бермек. Тек халық санына қатысты пропорционалдық қатынасы өзгеріп отыруы мүмкін. Ал осы қатынас жеке адамның интеллектуалдық қуаты мен эрудициясынан бастап, бүтін бір ұлттың сапасына, рухына әсер етеді.
Шаршағанда сырлас, шалдыққанда мұңдас болатын тілсіз жолдас, үнсіз мұғалім – көркем әдебиеттен көз жаза көрмеңіз, ұлы мәртебелі оқырман!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста