Жастардың өз ұлтына шын жанашыр бола алатынына қуандым

Тотай Ерімбетов, Қарағанды облыстық сотының судьясы:

– Тотай мырза, сіз Желтоқсан оқи­­­ғасы­ның суық ызғарын ба­сы­ңыз­­дан өт­кер­ген жастың бірі бол­дыңыз. Сіз оқы­ған ҚазМУ-дың заң факультетінде оқи­ға қалай өрбіді?
– 16 желтоқсан күні түстен кейін сабақта отыр едік, мұғаліміміз: «Сұм­дықты естідің­дер ме, Димаш Ахметұлын қызметтен алып, Колбин деген ресейлік басшыны бі­рін­ші хатшы етіп сайлапты, енді не болар екен?» – деді. Бәріміз сабақты қойып, осы мә­селені талқылай бастадық. Біраздан ке­йін барлығымыз жатақханаға кеттік. Мен тұ­ра­тын заң факультетінің №9 жатақ­хана­сы­ның үлкен залында студенттер жиналып жа­тыр екен. Қараңғы түсе нөмірсіз «Волга» кө­л­ігімен екі қазақ жігіті келді, жиналы­сы­мызға қатысып: «Ертең барлық сту­дент­тер алаңға жиналамыз», – деді. Ертеңіне қолы­мыз­ға алып шығатын транспаранттарды да­йындауға кірістік. «Әр халыққа – өз бас­шысы!», «Әділетсіз тағайындауға қар­сы­мыз!» деген сияқты тағы басқа да осы маз­мұн­дағы транс­парант­тар жаздық. Ертең­гі­сін, яғни 17 жел­тоқсан күні сағат 12-лерде Алматы­ның көшелері қалың қар еді. Заң фа­культетінің студенттері ҚазМУ-дың рек­торатының алдындағы алаңға жи­налып, жазған транспаранттарды көтеріп тұр­дық. Сол жерге биология, тарих факуль­тет­терінің студенттері де келді, сабаққа кел­ген студенттер де бізге қосылып, Тими­ряз­ев көшесімен алаңға қарай жүрдік. Ав­тобустар мен троллейбустар да бұрылып, бір­а­зымызды мінгізіп, алаң шетіне әкеліп тастады. Мыңдаған адам жиналып тұр екен. Бір қазақ әйелі мінбеге шығып: «Біз намысымыз бар елміз, бізді ешкім қорлай алмайды. Қонаев ағамызды алаңға шақы­ра­мыз»,– деді айқайлап. Жиналған жас­тар ма­құлдап, жарыса үн қосып жатты. Мен сол сәтте қазақ жастарының өз ұл­тына шын жа­нашыр бола алатынына қат­ты қуан­дым.
– Студенттердің көпшілігі Мемле­кет­тiк қауiпсiздiк комитетiнiң тү­сiр­ген кадр­ларынан алынған суреттер ар­қы­лы анықталып, айыпталып, қу­ғын­дал­ды ғой. Тіпті жастар мас бо­лып, бұза­қы­лық көрсетті деген жала жа­былды емес пе? Cіз осы айып­тау­ларды қан­ша­лықты шындыққа жа­насады деп ойлайсыз?
– Біз, шыны керек, 1986 жылғы Жел­­тоқсан көтерілісі туралы барлық ақи­қатты әлі де толық ашып болған жоқ­­пыз. Себебі КОКП Орталық Коми­тетінің Қазақстанда империялық үстем­дікпен жүргізген ұлт саясатына қарсы қазақ жастарының бұқа­ралық көтерілісі шектен тыс қатыгездікпен басып-жан­шылды. Орталық бейбіт шеруге шыққан жас­тарды зорлық-зомбылықпен тұн­шық­тырып, олардың адамдық құқын, ерік-жігерін аяққа таптады. Содан кейін қаншама жасты қыршынынан қиған, мүге­дек еткен жантүршігерлік іс-әре­кеттерін барынша жасыруға тырысты. Шын­дықты бүркемеледі, еш жазығы жоқ жастардың айтқан сөздері мен кел­тірген деректерін бұрмалап, көтеріліске қаты­сушыларды да, олардың туған-туыс­тарын да, оларға жанашырлық сезім­дерін білдіргендерді де жаппай қуғын-сүргінге салды. Алаңда өзі­міз аяғына дейін болдық. Бұзақылық жас­тар тарапынан емес, керісінше, тәртіп сақ­шы­ларының тарапынан болды деп айтар едім. Бiз сияқты оқиға ортасында жүрген студенттер бірден жазалауға ілінді.
– Тотай Мамытұлы, сіз заңгер ретін­де Желтоқсан оқиғасы, жалпы­ұлт­тық, қо­ғамдық тұрғыдан алып қарағанда, әділ бағасын алды деп ойлайсыз ба?
– «Желтоқсан» қоғамдық ұйымының мәліметтеріне қарағанда, 1986 жылы жел­тоқсан айында Алматыдағы нараза­лық шер­уіне он мыңнан астам жас қаты­сыпты. Олар­дың 100-ден астамы кейін әртүрлі мер­зімге бас бостандығынан айы­рылып, 8 мыңнан астам адам оқу орын­дары мен жұмыстарынан боса­тылған. Ал қаза болғандарының саны әлі күнге дейін нақты емес. Әлі де болса тарихи күнді біз әдетте өз деңгейінде атап өтуге қауқарсыздық та­нытып келеміз. Желтоқсан құрбандары туралы көркем фильмдер, мектеп бағдар­ла­­масы бойынша оқытатын шығармалар көптеп қолға алынса, жөн болар еді. Жел­тоқсан атындағы мемлекеттік дәре­жедегі сыйлық, марапаттаулар болса да артық емес. Желтоқсан оқиғасына қатысушы сол кез­дегі біз секілді жас­тар­дың қоғам ал­дында беделін көтеретін және кейінгі ұрпақ­қа үлгі-өнеге болар­лықтай марапат­тау­лар керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста