Жастар жырлайды

Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай «Нұр отан» халықтық демократиялық партиясы «Жас отан» жастар қанаты «Заңғар» шығармашылық бірлестігі мен «Хабар» арнасы бірлесе жасап отырған тележоба – Тәуелсіздікпен құрдас, жаңа заманмен сырлас жас буынның орамды ойлары, зерделі толғауы ортаға түсетін жыр додасы.
Бұл тележоба «Жастар жырлайды» де­ген атпен телевизиялық айтыс ретінде эк­ран­ға шығады. Қазақтың ежелден бері қа­лып­тасқан сөз өнері – айтыстың бүкіл ха­лыққа етене жақын екені даусыз. Ұлтпен бірге ғасырлар бойы жасасып келе жатқан айтыстың талай дауылпаз бен сүлейлерді, сөз мәйегін ұйытқан шешендер мен дүр­лер­ді халық арасынан елге әйгілі еткені та­рихқа мәлім. Алқалы топта сөз бастаған жыр алыптарының жалғасы, сөз өнерінің мұрагерлері – жас буын дәл осы жыр до­дасында сөзден маржан теріп, ойдан орам құрайды. Тележобаның басты мақсаты – ел Тәуелсіздігінің 20 жылын жырға қосып, еге­мен елдің аз ғана уақыт көшінде терезесі тең, іргесі берік елге айналған тарихи сәтін жы­рға қосу.
Арман Сқабылұлы, жоба жетекшісі, «Хабар» агенттігі бас продюсерінің орын­ба­сары:
– Бұл айтыс еліміздің әр облысынан ірік­теуден өткен жас ақындардың қа­ты­­суымен ерекшеленеді. Іріктеуден өтіп келген жас ақындар жеребе бойын­ша жұп­талып, әр апта сайын сөз сайы­сы­на шы­ғады. Телеайтыстың барысы үш бө­лім­нен тұрады. Бірінші кезеңде берілген та­қырып бойынша ақын­да­ры­мыз тақы­рып­ты жырлайды. Екінші ке­зең «менің өлкем» деген айдаршамен ата­лады. Бұл кезеңде әр облыстан кел­ген ақын­дар өз туған өлкесін жырға қо­сып, екі об­лыстың күнгей жақтары мен теріскей тұс­тарын жырға қосады. Ал үшінші ке­зең­де белгілі тұл­ға­ла­ры­мыз­дың пор­треті көрсетіледі, ақын­да­рымыздың интеллектуалдық деңгейі сыналады. Жел­тоқсанның аяғында, яғни Тәуел­сіз­дік күніне орай ақын­дар­дың соңғы жұ­бы жекпе-жекке шығып, ай­тыс өз мә­ре­сіне жетеді.
Ел Тәуелсіздігінің 20 жылы тек қана даму мен өзгеріске толы кезең болғаны көп­ке мәлім. Айтыстың ұйым­дас­ты­ру­шы­ла­рының бірі «Заңғар» шығармашылық бір­лестігінің төрағасы Айдар Қырықбаев бұл айтыстың Алматыда өтуінің де тарихи маңызы бар екенін атап өтті. «Егемендіктің 20 жылына орай ұйымдастырылып жатқан ай­тысты ел Тәуелсіздігін жариялаған та­ри­хи қала – Алматыда жас ақындарды жи­нап, өткізуіміздің өзі үлкен мәнге ие. «Жас отан» жастар қанаты «Заңғар» шы­ғар­ма­шы­лық бірлестігі облыстық мәдениет бас­қар­маларымен тікелей байланыс орнатып, ақындарды іріктеуден өткізіп, шақырып отырмыз. Айтыстың соңғы мәресінде қо­мақ­ты жүлде тігілетін болады», – дейді.

                                                                 Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)
Айтысты талантты журналист, ақын, Мем­лекеттік «Дарын» сыйлығының иегері Жа­нарбек Әшімжан мен белгілі әнші, сазгер Роза Әлқожа жүргізеді. Доданың тіз­гі­нін қолына алған Жанарбек Әшім­жан­ның айтуынша, «бұл айтыстың негізгі мақ­са­ты – қызыл тілмен сөз кестелеген, қазақ сөзінің қадірін білер жас таланттардың халық алдында жұлдызын жарқырату».
Айтыс «Хабар» арнасынан қыркүйектің 11-інен бастап қалың көрерменге жол тарт­пақ. Халықтың SМS дауыс беруі ар­қы­лы жеңімпаз ақындар анықталып отырады. Апта сайын оза шапқан ақын жеңімпаз ата­нып, келесі кезеңге жолдама алады. Kcell байланыс компаниясы арқылы дауыс­тар айтыс эфирден өткен күннен бастап үш тәулік ішінде жинақталып, арнайы ко­мис­сия­ның отырысында анықталады.
Айтыс десе, арқасы қозатын Алаш жұр­тына Тәуелсіздіктің 20 жылында тарту етіл­ген жобаның сәтті жүзеге асып, сан ға­сыр­лар ұлтымыздың ұлы өнері болған айтыс­тың думанды додасының биік төрге шы­ға­ты­нында дау жоқ.
Атамұра өнер – айтысқа жанашыр бо­лы­ңыздар!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста