Белгілі тележүргізуші, көптеген тележобаның авторы Ләйлә Сұлтанқызы студент кезінен бастап кредит алғанын жасырған жоқ. Бұл туралы ол Ұлттық арнадағы "Таңшолпан" бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Студент кезімізден бастап кредит алдық. Ол кез есіңде ме, білмеймін... Тауарлар алатынбыз үйге. Мысалы, өзімнің жасауымды солай дайындағам. Артымнан баратын кір жуғыш машина, тоңазытқышты кредитке алып, бір жыл көлемінде жаптым. Сол кездері жалақы кішкентай болатын да, айына 15 мың теңге төлейтінмін. Соның өзіне қиналатынмын", - дейді тележүргізуші. Медижұлдыз көп жағдайда несиені тауар үшін алатынын айтқан. "Күйеуім іскер азамат болған кездері өте көп кредит тауқыметін көрдім. Себебі бизнесте, үлкен ақша жүрген жерде кредитсіз болмайды", - дейді Ләйлә Сұлтанқызы. Айта кетелік, бұған дейін танымал тележүргізуші күйеуінің жылын күтпей, жұмысқа шыққанын сынаған оқырманына жауап берді.