Жасанды өнер – бір күндік, шынайы өнер ғана – мәңгілік

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Қажыбек БЕКБОСЫН, ҚР Халық әртісі:

– Қажыбек аға, ата-бабадан жал­ғас­қан киелі өнердің көшінде қан­ша­ма жылдан бері қара домбыраны еш­бір заманауи техникаға айырбастамай, дәс­түрлі әннің белді өкілі болып келе жат­қан қазақ саңлақтарының бірісіз. Әңгімемізді бойдағы өнеріңіздің түп-тұ­қиянын тарқатудан бастасаңыз... Се­бебі оның өре басы аңызға бергісіз за­ма­налар мен бүгінгі ұрпақтың көзі көр­меген қазақтың жақсы-жай­саң­дарына апарып тірейтіні сезіледі...
– Білуімше, өнер тұқым қуалайды, жоқ де­генде, жеті ұрпаққа дейін қайталанып ке­леді. Әкем Құдайберген Бекбосынұлы ауылда кезінде әншілігімен танылса керек. Ол уақытта түрлі мерекелерде ер, әйел болып, қарама-қарсы жұптасып айтысушы еді. Әкем көбіне Бибі ақын деген кісімен айтысатын. «Десең де қара барқын, қара барқын, Білмейді жаман кісі сөздің нар­қын» деп айтылатын шумағы есімде қа­лыпты. Ол уақытта айтыс таңды таңға ұрып жалғаса берген ғой. Сонда мен кіп-кіш­кентай болсам да, айтысып отырған әкем­нің тізесінде ұйықтап қалады екенмін. Не­гі­зі, бала күннен құлаққа сіңген дегеннен ар­тығы жоқ қой, өсе келе мен де өнерден кен­­де қалмадым. Мен туған Ұзынбұлақ ауылында әкемнен де өзге Бәйділда, Ма­құл­бек, Малдыбай атты айтыскерлер бол­ды. Маған әсер еткен – бірден-бір осы кі­сілер. Содан 10 жасымнан бастап мен де басқаға білдірмей өз бетімше ән айта бастадым. Ол әндер «Ғалиябану», «Әйкен-айлар» болатын. Өзімше ешкім білмейді деп қоям, бірде әкем Талдықорғанға ба­рып патефон сатып алып берді. Әкемнің мен ойлағандай менің өне­рім­нен бейха­бар емес екенін сонда біл­дім. Әкем ол ар­­қылы маған өнердің мұхитын сыйлаған екен ғой сонда. Жүсіпбек Елебековтің орын­­дауындағы Абайдың «Сегіз аяқ», Ақан серінің «Құлагер», Дина Нұр­пе­йі­со­ва­­ның «Сталин күйі», Кенен Әзірбаевтың «Көк­­шолақ», «Бозторғай» әндерін мен сол па­тефон арқылы, қала берді, Қазақ ра­диосынан тыңдап өстім. Ал Ғарифолла Құр­манғалиевтің дауысын естіп, әнге құ­марлығым одан әрі арта түсті. «Боз жор­ға», «Нұржамал», «Нақ-нақ», «16 қыз» ән­деріне деген қызығушылығым сол Ға­рекеңнің ықпалы арқылы оянып еді. «Боз жор­ға», «Қоғалы-ай», Шегенің әндерін мен сол 15 жасымнан бері әлі айтып ке­лемін.
1965 жылы 9 Мамыр күні Жеңістің 20 жыл­дық тойында ең алғаш рет жұрт ал­дында домбырамен ән салдым. Сол жылы Ал­матыға цирк және эстрада студиясына түсіп, ҚазССР Халық әртісі Ғарифолла Құр­манғалиевқа шәкірт болып қабылдандым. Оқуым аяқталған соң, сол кездегі мәдениет ми­нистрі Ілияс Омаровтың бұйрығымен «Қа­зақконцертке» жұмысқа қабылдандым. Ұс­тазым Ғарекеңмен өнердегі байланысым 28 жылға созылды. Марқұм дүниеден қайт­­қанша, яғни 1993 жылға дейін қа­рым-қатынасымыз үзілмеді. 1972 жылы сол кездегі министрдің орынбасары Жек­сен­бек Еркімбековтің ұсынысымен Тал­ды­қорған қаласына ҚазССР Халық әртісі Дәнеш Рақышевтан ән үйренуге жолдама берілген болатын. Менің Жетісу ән мек­тебіне баруым және Әсет Найманбаевтың «Қыс­мет», «Ардақ», «Қоңырқаз», «Мақ­пал» сияқты тоғыз әнін үйреніп, өз репер­туа­рыма қосуым шығармашылық тұр­ғы­дан өсуіме үлкен үлесін тигізді. Аңғарып қараған тыңдаушыға мен Батыс, Арқа, Жетісу әншілік мектебін, халық әндерін тұтас меңгерген әншімін.
Жақсының бәрінен керегіңді ала білу қажет
– Еңбек жолыңызға табаны күрек­тей жарты ғасырға жуық уақыт өтіпті. Осыншама жыл ішінде түйгеніңіз не?
– Маған актер шеберлігінен дәріс бер­ген ұстазым КСРО Халық әртісі Ы. Но­ғайбаев үнемі «актер ұйықтағаннан басқа уа­қыттың бәрінде де жұмыс жасайды» деу­ші еді. Кейін өзім өнер жолына түскенде со­ған шын мәнінде көзім жетті. Бұл жерде айт­пағым, жалпы, өнер жолы ұзақ, ал адам өмі­рі қысқа. Сондықтан көп адам діттеген ар­ман-мақсатына толық жете ал­майды. Әр адам, әр өнерпаз өзінен кейінгі ұр­­пақ­қа, елге үлгі болатын іс, із қал­дырғысы ке­леді. Мысалы, мен үшін Ма­нар­­бек Ержанов, Жүсіпбек Елебеков, Ға­рифолла Құрманғалиев, Дәнеш Ра­қышев, Жамал Омарова, Рәбиға Есім­жа­нова, Роза Бағлановалар бұдан кейін де тың­даған ада­мын риза етіп қуантатын, үй­ренем де­ген адамға ұстаздық ететін өнер жо­лын қал­дырды. Мен де өз мүм­кін­шілігіммен осы қатарға қосылсам – еткен ең­бегім, төк­кен терім зая кетпегені. Әр үй­ре­нуші ұр­пақ осыларды ұстаз тұтып үй­ренсе, өнер та­лабын мықты ұстанса, қазақ ұлтының ән­шілік өнері өз жалғасын тауып, ма­ғынасын жоғалтпайды деп ойлаймын. Бо­лам деген әншіге бір ұстаз аздық етеді. Жақ­сының бәрінен керегіңді ала білу керек.
– Сіздің өнеріңізді бағалап марқұм, фи­лология ғылымының докторы Жұ­мабай Әбіл: «Қазақ әні тірі, ол өлмейді, өш­пейді», – деп баға берген екен... –
 – Түркістанға келгеннен профессор Әбі­­лов Жұмабаймен көрші тұрдым. Өте зе­рек, өнерге жаны ашитын, түсінігі мол адам еді. Фи­лология факультетінде бо­латын өнер, әде­биет жайлы, академик Рах­манқұл Бер­ді­баев ағамыздың арнайы өт­кізген кон­фе­ренциясына, туған күнін атап өту жиынына ұда­йы шақырып, мен де өз өнерімді халық ал­дында шалықтатып, әннің әр түрінен ай­та­тынмын. Соның ішін­де ұйымдастырушы бо­лып Жұмабай жү­ретін. Содан алған әсе­рі­мен өзінің нық се­німімен ой сезімін біл­дір­ген болар. Мен оны «жасанды өнер өтер-кетер, шын өнер ха­лықпен бірге жа­сай береді» деп то­лық­тырар едім. Алла өнерпаздарға сана бер­сін.
– Қазір – дәстүрлі өнердің кемеліне ке­ліп тұрған шағы, алайда төл өнерді жас­тарымызға әлде де сіңіру үшін не жетіспей жатыр?
– «Дәстүрлі өнердің кемеліне келген шағы» деген сөзіңізге күдікпен қараймын.
– Сонда құлдыраған тұсы ма?
– Өнер сахнада шыңдалып, өнерпаз халықтың сынымен, қошеметімен өседі. Мен білетін өнерпаз атаулы осы жолмен өс­кен. Қазіргі кезде қадау-қадау шын өнер­паз бар болғанымен, әртіске күн­де­лікті халық алдына шығатын сахна жоқ. Яғ­ни ұдайы концерт беретін, жоспарлы жұ­мыс жасайтын филармония жоқ. Мен «Қа­зақконцертте» жұмыс жасаған 35 жыл бо­йы жылына 230-250 концерт беретінбіз. Қа­зір облыстық бюджеттен берілетін тиын-тебенге қарап отырған жұмыссыз әр­­тіссымақтар бар. Көзге көрінбеген, құ­лақ­қа естілмеген өнерді жастардың құ­ла­ғына қалай сіңіресіз? Радио-теледидар тол­ған – болымсыз өнер, мағынасыз өлең. Ал­тын қорда жиналған өнер саң­лақ­та­рының шығармасын эфирден күндіз-түні бе­ріп, жастардың бойына таза ұлттық өнер­ді сіңіру керек.
– «Қазақтың дәстүрлі әншілік өне­рі» атты еңбек шығарыпсыз. Алай­да та­ралымы аздау емес пе?..
– Кезінде Жүсіпбек Елебеков, Ға­ри­фол­ла Құрманғалиевтен сабақ алып жүр­генде талай әңгіме, армандарын өз құ­ла­ғым­­мен естідім. Олардың ішінде ай­­тыл­­маған сөздер, ұсыныстар қалды. Се­бебі ұлттың өнері жайында сөз болса, соңынан ұлтшыл деген айдар тағылып, қуғынға түсетін. Талай зұлматты көздері көр­ген олар содан сақтанатын. Дегенмен өнер жайында толғанатын ойларын суырт­пақтап бізге жеткізетін. Солардан алған үлгім бойынша «Қазақтың дәстүрлі әншілік өнері» атты оқу құралын (кітап) жаз­дым. Жақында «Халық композитор­ла­ры ән­дерінің тарихы» атты кітапты уни­верситет баспасына беруге өтініш біл­діріп қойдым.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста