Жас ұрпақ кітаптан қол үзіп қалмасын десек...

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Балалардың басым көпшілігі кітап оқуды мүлде қойғаны, соның салдарынан ұлт болашағы саналатын тұтас бір буынның, жалпы, интел­лектуалдық деңгейінің төмендеп бара жатқаны бүгінде аз айтылып жүрген жоқ. Аталған мәселенің барған сайын қордалана түсуіне кітап өнімі бағасының қымбаттауы, жалпы, таралымның төмендеуі, кітап дүкендерінің еліміздің тек ірі қалаларында ғана болуы, балалар кітаптарын орталықтандырылған жүйе арқылы сатып алу үрдісінің жоқтығы, ал баспагерлер мен кітап таратушылардың жанайқайына билік орындарының құлақ аспауы да себепкер болып отыр.
Сенімді дереккөздерге жүгінсек, бала­лардың кітапқұмарлығына қолдау көрсету туралы заң қабылдап, арнайы ұлттық бағ­дарламаны жүзеге асырған әлемдегі жал­ғыз мемлекет Жапония екен. Осы заң ая­сын­да балалар әдебиетінің халықаралық кітапханасының Жапонияның Ұлттық пар­ламенттік кітапханасының бөлімі ретінде жариялануы ең негізгі шаралардың бірі бол­ған. 1947 жылдан бастап елде жыл са­йын кітап оқу аптасы өткізіліп келеді, ал 23 сәуір – ұлттық мереке, яғни Балалардың кі­тап оқу күні деп жарияланған. Ал Норве­гияда мәдениет жөніндегі кеңес балалар мен жасөспірімдер кітабын міндетті түрде сатып алу жоспарын жасаған. Сол бойынша ересектер әдебиеті мен балалар кітабы таралымының белгілі бір бөлігін үкімет баспалардан сатып алып, кітапханаларға таратады. Осының нәтижесінде баспагер­лер балалар әдебиетінің таралымын көте­руге мүмкіндік алған. Сонымен қатар мем­ле­кет балалар жазушыларының қалама­қысын таралым құнының 22 пайызына де­йін көтерген. Ал оның 10 пайызын – бас­па, 12 пайызын Мәдениет жөніндегі кеңес төлейтін көрінеді. Бұл ретте Синга­пур­да да елді елең еткізерліктей бағдар­ла­малар бар. Мысалы, онда соңғы бірнеше жылдан бері «Өмірге оқу үшін келгендер, бір-біріне бауыр басу үшін оқитындар» бағдарламасы табысты түрде жүзеге асы­ры­луда. Бұл бағдарлама бойынша кітап оқу ата-ана мен бала арасындағы байла­нысты нығайтуға ықпал ететін әрекет түрі ретінде қарастырылады. Оған Ұлттық кітапханалық кеңес жетекшілік етеді. Жаңа туған әрбір нәрестенің ата-анасына «Бала күтімі жөніндегі жинақ» беріледі. Оның құрамына ата-анаға қажетті телефондар тізімі бар ақпараттық журнал, бүлдіршін­дерге арналған өлеңдер мен ертегілер топтастырылған компакт-диск, «Сәбидің даму картасы» және төрт-жеті жас аралы­ғын­дағы бала іс-әрекетінің күнтізбесі, бастауыш мектепке дайындық барысына арналған нұсқаулық кіреді.
Балалардың кітап оқуға деген қызығу­шылығының төмендеуін мамандар мектеп­те қалыптасқан жағдаймен байланыстыра­ды. Олардың пікірінше, орта мектептерде сапалы филологиялық білім беру жоққа тән, балалардың кітапқа ынтасын өзіміз төмендетіп жүрміз. Мысалы, бастауыш сыныптардан бастап-ақ, негізінен, техника­лық оқу жылдамдығы талап етілетіндіктен, балалар белгілі бір мәтіннің мағынасын түсіну жағына мән беруді қояды.
Осы жайттардың барлығы жас ұрпақ­тың кітапқа деген ынта-ықыласын арттыру­ды ерте бастан қолға алу қажеттігін аңғар­тады. Бірақ бүгінгі өскелең ұрпақты не нәрсеге үйреткен жөн? Еліктеуге тұратындай лайықты кейіпкер, үлгілі қаһарман ретінде кімді ұсынған абзал? Міне, бұл – әдебиетші қауым мен баспагерлер жан-жақты ойла­са­тын мәселе. Осы орайда балалар кітабын басуға мемлекет тарапынан арнайы қолдау көрсетілуі тиіс екендігі – авторлар мен бас­палардың, кітапханалар мен оқырман­дар­дың қай-қайсысына да түсінікті жайт. Бұған қосымша, бәлкім, ең үздік балалар басы­лы­мына бәйге жариялау, балалар әдебиет­терін шығаратын баспаларды көбірек қаржыландыру, кітапханалардың балалар әдебиеттерін сатып алуына демеушілік жасау шараларын да тездетіп қолға алу керек шығар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста