Жас театрлар сахнада сыналды

Жас театрлар сахнада сыналды

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мен «Жас Отан» жастар қанаты «Заңғар» шығармашылық бірлестігінің ұйымдастыруымен Алматы қаласында өткен Асқар Тоқпанов атындағы І республикалық театр фестивалі өз мәресіне жетті.

Фестивальдің салтанатты ашылуы   М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік ака­демиялық драма театрының кіші за­лын­да өтті. Бұл кеште ұлағатты ұстаз Асқар Тоқпановтан білім нәріне сусындаған шә­кірт­тері Асанәлі Әшімов, Маман Байсер­ке­нов, Есім Сегізбаев сынды қазақ халқы­ның мақтан тұтар азаматтары және Т.Жү­р­генов атындағы Қазақ ұлттық өнер академия­сы­ның ректоры Арыстанбек Мұхамедиұлы мен «Заңғар» шығармашы­лық бірлестігінің жастары қатысты. Бай­қаудың мақсаты – қоғам өміріндегі бүгінгі күннің өзекті мәсе­лелеріне көңіл аудару, қазақ театр өнерін дамыту және де жас өнер ұжымдарының  шығармашылық  бел­сенділігін арттыру. Бұл фестивальге рес­публика бойынша 20-ға тарта студенттік театрлар қатысты. Соның ішінде Қазақстан­ның 12 облысынан жас театр ұжымдары келді: С.Торайғыров атын­дағы Павлодар мемлекеттік универси­тетінің «Кереку» студенттік театры Ғ.Мү­сір­е­­пов­тің «Махаб­бат дастаны», Ақтөбе облы­с­тық экспери­менталдық «Лестница» теа­тр-сту­диясы  Р.Бахтың «Чайка по имени Джонатан Ли­вингс­тон», Қарағанды экономикалық уни­верситетінің «Вдохновение» театры «Тяже­лое бремя памяти» драмасымен, Тараз инновациялық-гуманитарлық универси­тетінің «Дауылпаз» театры «Бір түп алма ағашы» драмасымен, М.Қозыбаев атында­ғы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік уни­верситетінің «Шаңырақ» студенттер театры «Тор», І.Жансүгіров атындағы Жеті­су педа­гогикалық университетінің «Жас түлек» студенттік театры «Жан дауа», М.Өте­місов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті жанынан құрылған «Мұрагер» студент жастар театры «Адам өмірі»,  Ш.Құдайбердіұлы атындағы Семей мемле­кеттік университетінің «Студент жастар» теа­тры «Студенттер хикаясы», Атырау Ин­же­нерлік гуманитарлық институтының, «АИГИ таланттары» «Махаббат пен кеса­пат», Жаңаөзен қаласы «Мұнайшы» мәде­ниет үйінің жанынан құрылған «Жастар» театры «Біз күткен жеңіс», Атырау мұнай-газ институты «Қыз-Жібек», Ш.Есенов аты­н­­дағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инженеринг университеті Ақтау қа­ла­сы «Жас өркен» студенттер театры «Құр­бандық», Тараз қаласы «Дулати» студент-жастар театры «Адаспаңдар», Алматы қа­ласындағы Ж.Елебеков атындағы эст­рада-цирк колледжі «Көгілдір такси», атал­ған колледждің Б.Омаров атындағы оқу театры «Аялашы мені», Қ.Сәтбаев атындағы политехникалық университетінің «Нұр-ай» театры» «Екі жүрек», Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академия­сы­ның колледжі «Жанұран» және «Көңілді же­сір» қойылымдарымен қатысып, өз өнер­лерін көрсетті.
Асқар Тоқпанов атындағы республика­лық студенттік театр фестиваліне 12 облыс­тан 250 студент үш күн қатарынан өзара жарысқа түсіп, бақ сынады. Байқаудың жабылу салтанаты Өнер академиясының оқу театрында болды. Нәтижесінде Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің арнайы сыйлығын және «Үздік комедиялық спек­такль» аталымы мен Ш.Құдайбердіұлы аты­н­­дағы Семей мемлекеттік университетінің «Сту­дент жастар театры», Өнер академия­сы­ның арнайы сыйлығы Ж.Елебеков атын­дағы эстрада-цирк колледжінің Бәйтен Омаров атындағы оқу театрына берілді, Қазақстан театр қайраткерлері одағы таға­йындаған сыйлық Қарағанды экономика­лық универ­си­тетінің «Вдохновение» теат­рына, М.Әуе­зов атындағы академия­лық драма теат­ры­ның сияпаты Маңғыстау облысы Жа­ңа­ө­зен қаласының «Мұнайшы» мәдениет үйінің жанындағы халық театры­на, Ғ.Мүсірепов атындағы академиялық жастар театрының атынан қошеметке М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік универси­тетінің «Шаңырақ» студенттік театры, «Бел­сенді өнер көрсет­кені үшін» аталымын Атырау Инженерлік гуманитарлық инсти­тутының «АИГИ та­лант­тары» студенттік теа­т­ры, «Үздік эпи­зод­тық бейне» аталымы­мен С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік универси­тетінің «Кереку» студенттер театрындағы «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» қойылымында Мақпал рөлін ойнаған Гросс Аида марап­патталды. Соны­мен қатар «Үздік екінші пландағы бейне» аталымымен І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университе­тінің «Жас түлек» студенттер театрының «Жан дауа» қойылы­мындағы әке рөлін ойнаған Данияр Ах­мол­даев, «Үздік әйел адам бейнесі» аталы­мын М.Дулати атын­дағы Тараз мемлекеттік университетінің «Дулати жастары» халық­тық театрының «Адаспаңдар» қойылымын­дағы Айсәуле рөлінде ойнаған Мақпал Құдайбергенова марапатталса, «Патриот­тық тақырыпты көтергені үшін» аталымы Ақтау қаласынан келген Ш.Есенов атын­дағы Каспий мемле­кеттік университетінің «Жас өркен» студент­тік театрының «Құр­бан­дық» қойылымы, «Классикалық драма­тургияны игерудегі ынтасы үшін» аталымы М.Өтемісов атын­дағы Батыс Қазақстан мемлекеттік универ­ситетінің «Мұрагер» студенттік театрына Леонид Андреевтің «Адам өмірі» трагедия­сы үшін берілді. Сондай-ақ Алмалы ауда­нының әкімі Марат Прінбеков жастармен кездесіп, үздік шық­қан театр алдымыздағы айда Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына 10 күндік шеберлік шыңдау және тәжірибе­ден өтуге жолдама алды. Бұл да жас театрдың мақтан тұтар жетістігі екенін атап айтқан жөн болар. «Ең үздік ер адам бей­несі» аталымы Тараз ин­новациялық-гума­нитарлық университеті «Дауылпаз» сту­дент­тік театрының Ә.Ораз­баевтың «Бір түп алма ағашы» қойылымын­дағы Мақсат рөлін сомдағаны үшін Бақ­тияр Бекназаров­қа берілсе, «Үздік көркем безендіру үшін» аталымын Атырау мұнай-газ институты Ғ.Мүсіреповтің «Қыз-Жібек» атты қойылы­мы үшін марапатталса, «Үздік режиссерлік жұмыс» Ақтөбе қаласынан келген «Лестни­ца» эксперименталдық теат­рының жетек­шісі Ольга Павловаға берілді. Атап өтетін тағы бір жайт, «Үздік қойылым» аталымы өз иесін бұл байқаудан таппады. Сондай-ақ келесі жылғы байқауға қатысушылардың құлағына алтын сырға әкелетін қойылым­дарыңыз классикалық, заманауи болса деген әділқазылардың тарапынан түскен ұсыныс болатын.
 Бұл фестиваль жастарға қажет, әсіресе театр өнерінің дамуына зор үлесі бар. Ас­қар Тоқпанов өз елінің тарихы мен міне­зін өзгелерден терең білген шежіре жан бола­тын. Режиссердің көпсалалы еңбек жолын ұрпаққа аманат етіп, жеткізіп насихаттау біздің еншімізде.Ұлағатты ұстаздың педа­гогикалық еңбегі бір төбе болса, режиссер­лігі келесі бір үлкен дүние. Қазақтың тұң­ғыш кәсіби режиссері  А.Тоқпанов атын­да­ғы студенттік театр фестивалі алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.

Дерек
Асқар Тоқпанов – қазақтың тұңғыш кәсіби режиссері, халқы­мыздың мақтан тұтар перзенті, Қазақстан Республика­сының халық әртісі, қазақ сахна өнерінің қанат қағуына мол үлес қосқан ұлағатты ұстаз, театр педагоги­касы­ның негізін салушы тұлға. Ол – «Іңкәр дүние», «Сахна саздары» кітаптарының авторы, сонымен қатар қазақ театр сахнасында 100-ге жуық спек­такль қойған талантты режиссер. Асқар Тоқпанов 1940 жылы қазақтың ұлы клас­сик жазушысы М.Әуезовтің «Абай» тра­ге­диясын сахналаған.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста