Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің барлық факультетінде дерлік «Қазақстан қоғамының әлеуметтік жаңғыруы» ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған жас ғалымдар мен студенттердің «Ғылым әлемі» атты халықаралық конференциясы өз жұмысын бастады.
Дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан жас ғалымдардың конференциясы биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып, ғылымда өзектілігін жоя қоймаған тақырыптар талқыға салынбақшы. Қара шаңырақтың философия және саясаттану факультеті ақын, жазушы, педагог-ғалым, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, профессор Әдібай Табылдыға қатысты дөңгелек үстел ұйымдастырып, ғалымның ұрпақ тәрбиесіндегі мұраларын жан-жақты сөз етті. Аталмыш факультеттің оқытушысы Гүлмира Хасен: «Адамзат тарихында ұрпақ тәрбиесі әрқашан өзекті мәселелердің қатарында болған. Адам тәрбиесінің теориясымен айналысу – өте қиын да жауапкершілігі мол жұмыс. Біздің педагогика кафедрасында қызмет еткен азаматтардың бірі – Әдібай Табылды. Біз ұжым болып конференцияның аясында осы кісіге арнап дөңгелек үстел ұйымдастырып, Ә.Табылды еңбектеріндегі жастарды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, рубаяттарының тәлім-тәрбиелік маңызы тағы да халықтық тәрбиенің ұлт өміріндегі таңбасы секілді өзекті саналатын баяндамаларын тыңдадық». Ұлттық университеттегі халықаралық конференция 22 сәуірге дейін жалғасады.
Жас ғалымдар – «Ғылым әлемінде»
Последние статьи автора